Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет186/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ш
-мен беру ұсынған; я
, ю
әрпін 
миуа, қиуа, айуан
сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.). 
Сондай-ақ,
 х
әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер 
мен ережелерде арнайы көрсетуді (
құрмет-хұрмет, бұқара-
бұхара
сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев); 
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын,
Һ
әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. ал 
қазір, қайтіп, қадір
сияқты бейүндес сөздерді 
бірыңғай жуан жазу (Б.нұрғазина); 
к-г, қ-ғ, п-б
ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану: 
принцип-принцибі, альма
-
нах-альманағы, цех-цеғы
(Б.нұржекеев) сияқты пікірлер көңіл 
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына
бірнеше мақалалар 
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады: 
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.мұсабаев), біріктіру ама-
лын сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан, 
аққұман, 
ақсаусақ, желөкпе
сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес, 
бір заттың атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық 
сын есімдерді бірге жазу: 
қараторы, аққұба, б
іріккен сөзді ай-
тылуы бойынша жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған 
барлық сөздерді бөлек жазу (а.абдрахманов), айтылуы бірдей, 
мағынасы басқа сөздерді екі түрлі жазу: 
ұр да жық – ұрдажық 
т.б. 
(Ж.Жолаев), “жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-
ге әуес болмау”, біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.). 
міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген 
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды. 


284
285


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет