175
қозғалтқышындағы ротордың айналым жиілігі жоғары болады. Тартым
электрлі қозғалтқышындағы ток жиілігі тартым инверторларымен реттеледі.
Статор орамаларындағы электр тогы бағытының ӛзегруі кезінде –
магниттік полюстердің бағыты ӛзгереді, және ротор қарама-қарсы бағытта
айналады. Аталған әдіс локомотивті электрлік тежеу кезінде қолданылады,
және динамикалық (реверсивті) тежегіш деп аталады.
12.3 Кӛмекші электрлі машиналар
Алты тартым электрлі қозғалтқышпен қатар тепловозда кӛмекші
электрлі қозғалтқыштар орнатылған: 5GDY100 синхронды электрлі
машинасы – кӛмекші генератор есебінде, екі асинхронды қысқа тҧйықталған
машиналар – ауа компрессорының электрлі қозғалтқыштары (12.1-сурет),
радиатор желдеткішінің 5GDY90 орнатылған электрлі қозғалтқышы, май
сорғысының жҧмысына арналған аз қуатты асинхронды қысқа тҧйықталған
машина, асинхронды қысқа тҧйықталған машина – тӛмен қысымды отын
сорғысының электрлі қозғалтқышы, 5GDY91 асинхронды қысқа тҧйықталған
машинасы – тартым электрлі қозғалтқышын салқындату желдеткіштерінің
электрлі қозғалтқышы.
12.1-сурет – Ауа компрессорының асинхронды қысқа тҧйықталу
машиналары
Достарыңызбен бөлісу: