Монография «Елтаным баспасы»


Тіл арқылы мəдениеттануда этнолингвистиканың рөлі



Pdf көрінісі
бет103/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

4.6. Тіл арқылы мəдениеттануда этнолингвистиканың рөлі
Əлемдік тіл білімінде этнолингвистиканың теориялық негізін неміс 
ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт қалады. Ол тіл мен мəдениеттің бай-
ланысын айта келе: «Только язык и способен выразить самые своеобраз-
ные черты народного духа и характера и проникнуть в их сокровенные 
тайны» [1985:69] дейді.
Ғылым əлемінде «этнолингвистика» термині «Сепир-Уорф» болжа-
мы деген атпен белгілі болып келеді. Бұл пəн этнография негізінде ХХ 
ғ. Басында солтүстік жəне Орталық Америкадағы үнді тайпаларының 
тілін зерттеуге байланысты америка лингвистикасында кең дамыды. 
Ғылымның басты назар аударған мəселелері халықтардың генетикалық 
туыстығы, əлеуметтік факторлардың тілге əсері жəне сол тілдердің не-
гізінде этникалық мəдениетті қайта жаңғырту т.б. 
Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: «Этнолингвистика (гректің 
«этнос» – тайпа, халық,) тілді мəдениетпен, тілді этномəдени жəне 
этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл 
білімінің бағыты деп анықтаған [Алматы, 1999, 275]. 
Этнолингвистика – психолингвистика мен социолингвистика сияқты 
тіл біліміндегі жаңа бір бағыт. Бұл үшеуі бір-бірімен байланысты 
болғанымен, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Этнолинг-
вистика тілді этносқа қатысты тұрғысынан алып қарастырса, психолин-
гвистика тілді адам психикасына қатысы жағынан, ал социолингвисти-
ка тілді қоғам дамуына қатысы тұрғысынан алып зерттейді. Сонымен 
қатар, этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология
мəдениеттану, мифология сияқты ғылым салаларымен де байланысты. 
Өйткені бұл ғылым салаларының бəрінің де зерттеу нысандары ортақ.
Мысалы, диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігі, 


156
этнология мен фольклористика, жалпы мəдениеттану салалары этнос 
өркениетінің əлденеше ғасыр бойындағы даму жолын, заттық жəне 
рухани мəдениетін, салттық дəстүрлерін, мифология этностың жалпы 
дүниетанымын, наным-сенімін, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын 
қарастырады. Ал олардың бəрі тілде көрініс тауып, ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасады. Оны қарастыру лингвистика үлесіне тиеді. Яғни, диалекто-
логия да, этнология да, фольклористика мен мифология да, лингвисти-
ка да – бəрі де тікелей этносқа қатысты, бəрі де этностық ерекшелікті 
сипаттайды.
Орыс тіл білімінде этнолингвистиканың негізін салушылардың бірі 
Н.И.Толстой этнолингвистика жəне оның тіл мен этносты зерттеудегі 
рөлі туралы айта келіп: «Основанием для работ этнолингвистического 
направления является и то, что язык сам-составная часть орудие куль-
туры, и может быть описан и часто описывается через признаки, об-
щие для всех явлений культуры», – дейді [1995, 19]. Бұдан этнос пен 
оның тілі біртұтас деген тұжырым қалыптасады. Өйткені тіл – этностың 
бүкіл дүниетанымы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүр, өмір-тіршілігінің көрінісі. 
Этностың барлық мəдени байлығы осы тіл арқылы сақталып, бізге жетіп 
отыр. Демек, тіл мен этнос тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байла-
нысты. Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл саласы ең алғаш 80-жылдар-
дан бастап сөз етіле бастады. Оның қалыптасуы акад. Ə.Қайдар есімімен 
байланысты. «Қазақ тілінің өзекті мəселелері» атты жинағында Ə.Қайдар 
этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделеріне 
тоқтала келіп, оның қоғамдық (мəдениеттану, этнография, этнология, 
өлкетану, фольклористика, мифология, дінтану, астрология т.б.) жəне 
лингвистикалық (этимология, диалектология, ономастика фразеология, 
терминология, лексикография т.б.) пəндермен байланысына тоқталады. 
«Өйткені өзіндік мақсат-мүддесі бола тұрса да, бір ортақ объектіге – «тіл 
əлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т.б. – соқпай кете алмай-
тын аталған пəндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына 
оңаша тұра алмаса керек», – дейді [1998, 13]. 
Сонымен қатар, ғалым осы бірнеше жылдар ішіндегі ізденістер
зерттеулер нəтижесінде қазақ этнолингвистикасы шарықтау шегіне жет-
песе де, өзіндік ерекшеліктерінің, бағыт-бағдар, мақсат-мүдделерінің 
қалыптасқанын сөз етеді. Соның бірінде «Қазақ этносының ұлттық бей-
несін, өзіндік болмысын толық та түбейгейлі түрде тек оның тіл байлығы 


157
– «Тіл əлемі» арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады» десе, 
енді бірінде «Тіл əлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі 
қолданылатын «үстіңгі қабатындағы» мағыналық бірліктер негізінде ғана 
емес, сонымен қатар оның төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында 
тұнып жатқан сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады» деп, 
осы «Тіл əлеміне» келіп құйылып, тілдің лексика-семантикалық қорын 
дамытудың этнолингвистикалық арналарын ұсынады. Олар:
1. Баламалар. Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде су-
реттеуден туындаған (мысалы, көмір «қара алтын», телевизор – «көгілдір 
экран» т.б.) жасанды баламалар (перифраздар) мен əр түрлі наным-сенім-
ге, əдет-ғұрыпқа байланысты тыйым салынған «табу» сөздерді алмас-
тыратын эвфемистік баламаларды жатқызады.
2. Тұрақты теңеулер. Бұларға бір зат пен екінші бір затты өзара са-
лыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, теңеу арқылы оларды анықтау, си-
паттау, бағалау, өлшеу т.б. осы сияқты танымдық мақсаттан туындап, 
тұрақталған тіркестерді жатқызады. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет