“ЖҚТБ-ғасыр обасы„
ЖҚТБ (СПИД)жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі ауруы жер шарынан пайда болғанна бері адам баласының өмірі қорқынышты жағдайда өтуде.Өйткені бұл ауру өзінің қатерлігі жағынан «Ғасыр дерті»деп бекер аталмаған.Аурудың емделу жолын іздеп дүниежүзі ғалымдары дүркін-дүркін бас қосып қарсы егілетін вакцина мен дәрі-дәрмекті жасап шығарудың амалын қарастыруда,өкінішке қарай жасалған дәрі-дәрмектердің күші ауруды уақытша тежеуге ғана жетеді.Емделу уақыты өте ұзақ әрі қымбат.
Ауруды емделудің қиындығы сол-оның қоздырғыш вирусы өте қу,ол өз формасын тез құбылтып,өзгертіп отыратындығында.
Аты шулы ауру ХХ ғасырда белгілі болып, енді ХХІ ғасырдың табалдырғын емін еркін аттауда.
Қатерлі аурудың жыл санап өршуінің бірден-бір себебі қоғамдағы салауатты,мәдениетті өмірдің бұзылуы,есірткі шегушілердің көбеюінің салдары.Осы кесел адамзат өміріне тек «Өлім дәнін себуде».Саналы азамат салауатты ғұмыр сүріп,дені сау ұрпақты тәрбиелеп отбасында пайдалы еңбек етіп,денінің сау болуын санасынан ешқашан шығармауға тиісті,яғни міндетті.
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты
.СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
1. Біреуге қан құйса
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас
5. Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде
3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4. Ауа, су, ойыншық арқылы
5. Жәндіктер шаққанда
6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
- Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың
СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.
Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.
Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.
Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |