Құлаққа ұрған т
анадай»,
«делебе болған ..»
тіркестердің жасалу ерекшеліктерін қараңыз.
222
Бұдан шығатын қорытынды туыстас тілдердегі фразеологизмдерінің
құрамындағы мағынасы күңгірттенген компоненттердің этимологиясы
түркі тілдерінің бір сілемдерінен көрініс беретіні анық жайт.
Түркі тілдеріндегі фразеологизмдердің тақырыптық-семантикалық
топтары да ұқсас болатыны белгілі жай. Өйткені ұқсас салт-дəстүр –
тіл мен мəдениет бастауларының анасы. Ал фразеологизмдер арқылы
ұлттың тұтас менталдық келбеті көрінеді. Бұл ретте түркі тілдерін-
дегі тұрақты тіркестердің түрлі мағыналық-тақырыптық топтарының
жасалуына ұйытқы сөздер болып көбінесе соматикалық атаулар
жұмсалады. Фразеологизмдердің о баста еркін тіркес болып, түрлі си-
туацияларда ауыспалы мағынада жұмсала келе, тұрақтылық сипат алуы
арқылы тақырыптық-семантикалық топтарды құрайды.
Қа
й тілдегі
фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктеріне үңілсек, алдымен
көзге түсетіні тілдегі адамдық фактордың жан-жақты қамтылуы.
Адамның жағымды-жағымсыз сезім əрекеттері, сөйлеу дағдысы, жеке
басының қасиеттері, қоғамдағы əлеуметтік жағдай т.б. ерте кезден-ақ
тілдегі бейнелі тіркестер арқылы жеткізілген.
Мысалы, біреуге бағыныштылықты білдіретін
аузына қарау – қазақ;
аузына карау – башқұрт; aүzga bag – көне түркі тілі
т.с. тілдік фактілер
жеткілікті. Мұндай мағынасы мен, құрылымы бірдей тіркестермен қоса,
кейде тұлғалық жағы ұқсас болғанымен, мағыналық сəйессіздіктер де
кездеседі. Сондықтан тұрақты тіркестердің қалыптасу заңдылықтарын
диахрониялық тұрғыда туыс тілдер арасында салыстыра зерттеудің
ғылыми маңызы зор.
Мəселен, ертедегі жазба мұрағаттар мəтіндеріндегі тұрақты
тіркестердің шығу, қалыптасу тарихы осындай мақсатпен арнайы
қарастырылса, туыс тілдердің фразеологиясына айтарлықтай үлес
қосылған болар еді.
Түркі тілдеріне ортақ жазба ескерткіштердегі тұрақты тіркестерді
саралай келе, фразеологизмдердің белгілеріне сай келетін, яғни даяр
қалпында жұмсалуы, тіркес тянақтылығы, мағына тұтастығы сақталған
тіркестер кездесетінін тілдік фактілер дəлелдейді. Ал фразеологизмдердің
түрлері туралы айтсақ, онда ескерткіштер тілінде идиомалық тіркестер-
ден гөрі фразеологиялық бірліктер мен фразеологиялық тізбектер мо-
лынан ұшырасады. Əсіресе, екі компоненттен тұратын фразеологиялық
тізбектер жиі кездеседі. Сірə, идиом сипатындағы тіркестер тілдердің
бергі даму сатысында қалыптасқан болу керек.
223
Ал м
ағыналары жақын, тіпті бірдей тіркестердің молдығы алдымен,
тіркес құрамында соматикалық атаулардың кездесуіне байланысты.
Түркі тілдерінде, əсіресе, қыпшақ тобындағы тілдерде бұл ерекшелік
қатты байқалады. Қ.Қалыбаева: «Қыпшақ тобы тілдерінде соматикалық
фразеологизмдердегі негізгі айырмашылықтар негізінен дене мүшелері
атауларының семантикалық даму нəтижесіндегі өзгерістерімен байла-
нысты болып келеді. (саусақ, бармақ; мұрын, танау; желке, иық; аяқ,
бұт). – дейді [2009, 162 б.]
Айта кететін бір жайт, туыстас түркі тілдеріне мағынасы ортақ сома-
тизмді фразеологизмдер тек екі компонентті фразеологиялық тізбектерді
құрайды.
Түркі фразеологиясының қазіргі даму бағытын біз қазақ тіліндегі
фразеологизмдердің бүгінгі таңдағы зерттеу үлгілеріне қарай тұжырым
жасаймыз. Өйткені бұрынғы классикалық құрылымдық-семантикалық
үлгіден соң, 80-жылдардан былай қарай фразеология саласын зерттеудің
жаңа парадигмалары пайда бола бастады.
Бұл – тіл-тілдегі фразеологиялық материалдардың қатысым
əрекетіндегі функционалдық ерекшеліктері, сөйленіс пен мəтін түзудегі
тұтастығы, фразеологизмдердегі фреймдер мен схемалар, тіл арқылы
мəдениеттанудағы лингвомəдениремалар қызметі, фразеологизмдердің
ұлт менталдығымен астасқан ұлттық мəдени ерекшеліктерді танытатын
қызметі жəне фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты. Аталған
ерекшеліктер фразеологизмдерді зерттеудің түрлі ғылыми бағыты ретін-
де семантикалық жəне прагматикалық аспектіде кеңінен қарастырыла
бастады. Фразеологиядағы бұл үрдіс ұлттық сананың өсуіне қарай ең ал-
дымен ұлт тілі арқылы ұттың өзін өзі қайта тану процесінің жандануына
себепші болды, əрі фразеологизмдерді ғылыми нысан ретінде бұрынғы
зерттеу əдісінен басқа тəсілдерді пайдалануға ізденіс туғызды.
Бұрынғы кеңестік дəуірде ортақ орыс тілінен соң өзара қоян-қолтық
өмір сүрген түркі тілдерінің тіл білімі саласындағы жеткен жетістік-
тері сол орыс тілі арқылы бір-біріне таралатын. Бұл бір жағынан тиімді
болғандықтан, мəселен, фразеология саласында кім не жазды, қандай
ғылыми ізденістер бар деген сұрақтардың жауабы қиын емес еді.
Қазір жағдай өзгерді, яғни түркілердің өз жеріндегі тəуелсіздігі ұлттың
рухани мəдени құндылықтарын
менің ұлтымдікі
деген психологияға
жеңдірді. Славян фразеологиясының жетістіктерін қадағалай отырып,
224
түркі тіл біліміндегі зерттеулердегі фразеология саласын ортақтастыру
қажет. Орыс фразеологиясындағы теориялық мағлұматтар бұрын кеңестік
ұлт тілдеріне
«формасы ұлттық, мазмұны социалистік»
деп біркелкі
пішіліп, кигізілетін. Енді фразеологизмдерді зерделеудің жаңа антропо-
центрлік парадигмалары сол ұлт тілінің сөйлеу əрекетінде көрінетін жəне
ұлттық меналитетке негізделген прагматиканы, ұлттық концептілерді
жан-жақты, толық талдауға жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |