229
саясаткері болған жылдары орыс княздықтарының алаауыздықтарын
пайдаланып, оларды көп шапқыншылыққа ұшырытқаны тарихтан мəлім.
1370 жылдары Алтын Орданың билеушісіне айналды. Орыс фразеоло-
гиясында бұл есім мен оған қатысты оқиғалар
«Как Мамай прошел»
–
полнейший беспорядок, опустошение, разгром
деген мағынада тұрақты
тіркеске айналған.
Қазақ фольклорында «Едігенің шөбересі Мамай батыр өлгенде анасы
Қараүлек «Өлдің, Мамай, қор болдың!» дейтін жоқтауында:
Артыңда
қалған жас бала
Қашан сендей болады?!
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады?! – деген өлең жолдары қалған екен.
Алтын Орда ханы болған тарихи тұлға ретінде Мамай есімі қазақ
тіліндегі тарихи фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, халқымызда:
«Өлдің Мамай, қор болдың», «Өлдің, Мамай — өштің, Мамай»
деген
тіркестер «ешнəрсеге жарамсыз, қажетсіз, қадірі жоқ» деген мағынада
қазір де жиі қолданыста бар.
Сондай-ақ, кейбір қазақ мақал-мəтелдерінің
шығу тарихы кезін-
де алтынордалықтардың билік құрған кезеңдеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: