37
еркін сөз тіркестерінің фразологизмдерге айналу процесін тұтастай толық
талдау жасауды қажет етеді. Алдымен тіркестің алғашқы тура номина-
ция – денотаттың əлде бір оқиға мен құбылыстың атауы болған кезін,
содан кейін айналадағы шындық болмысқа, яғни референтке қатысын
айқындау керек.
Мысалы, қазақ тілінде
қамшы болды
деген фразеологизм бар. Оның
мағынасы:
бір нəрсеге қозғау салды, түрткі болды,
итермеледі
.
Қамшы
– ұлттық мəдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық мəдени
сөздерге жататын себебі қазақтардың
бұрынғы тұрмыс тіршілігін-
де қамшының орны мен рөлі ерекше. Оның қайыс таспадан өрілген
түрлері, жасалу жолдары, сабының сапасы сияқты өзгешеліктері тек
қазақ мəдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде малды айдайды, атты
қамшылау үшін пайдаланылады. Демек малды əрдайым қозғалуға, тез
жүруге итермелейтін, түртетін нəрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимылдың
аты – қамшы салу, қамшы болу. Келе-келе затты немесе құбылысты
танудың қорытындысы салыстырмалы түрде ұқсас құбылыстың атауына
көшкен. Қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: