Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет24/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

терминдік тіркестер

сөз түбірі, магнит өрісі
;
 
штамп, клишелер:
 қайта құру, еңбек озаттары, ішкі жəне сыртқы 
саясат;
 
нақыл сөздер
:
 еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей;
мақал-мəтелдер: ө
нерлінің өрісі кең, даяр асқа тік қасық
т.б. 
топтастырылуы керек. Бұлардың барлығына тəн критерий – олардың 
даяр күйінде қолданылу белгісінде көрінуі. Соңғы жылдары фразеоло-
гизмдерді машиналық аударма сəтінде сөзбе-сөз аударуға келмейтін тір-
кестерді де тілшілердің фразеологиялық тіркес деп қарастыруы тұрақты 
тіркестердің тағы бір белгісін қалыптастыруының шарты болмақ.
Əр ұлттың өзіне тəн сөйлеу əрекеті қалыптасқан. Адамзатқа тəн 
ойлаудың ортақтығы сөйлеу əрекетінің типтік жалпыланған түрін 
көрсетеді. Мəселен, қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшеліктері 
оның тілінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтарынан байқалады. Ал 
ұлттық құндылықтар арасында прагматикаға негізделген афористік ой-
лау үлгілері бар. Мұнда менталдық қасиеттер барынша мен мұндалап 
тұрады. 
Мəселен, сөйлеген кезде «аттыға сөз, аяқтыға жол бермейтін», 
«қара сөзді қамшы қылған», «сөзі мірдің оғындай», «қызыл тілден май 
тамызған», «орақ ауыз от тілді», «тілге жүйрік» болу үшін айтушының 


36
көркем ойының кемелдігі афоризмнен бастау алады. Афоризмдерде 
ой тиянақтылығы басым болғандықтан жəне ықшамдылығы мен бей-
нелілігі арқасында тұрақты тіркеске айналуға бейім тұрады. Тұрақталған 
афоризмдер тыңдаушыға белгілі жағадайда ой тастайды əрі ассоциа-
ция туғызады. Фразеологизмдерде субъективизм басым болатынындай, 
афоризмдер тілдік тұлғаның прагматикалық ұстанымына қарай, жеке 
адамның дүниетанымының көрінісі ретінде жарыққа шығады. Бұған 
дəлел ретінде Абайдың афоризмдерін айтуға болады. Мысалы: 
Құйрығы 
– шаян, беті адам; Досыңа достық – қарыз іс; Қайғы көрсең қарсы тұр, 
құлай берме. 
Афористік тіркес арқылы – өзіндік тұжырым мен ой қорытындысын 
жасау: 
сананы тұрмыс билейді
, Бұлардың адам санасында толық 
меңгеріліп, сіңірілуі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай ұзақ уақытты 
қажет ететін күрделі ой қорытындысын жасау оңай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет