83
Шынында келтірілген мысалдардың
мағынасын семантикалық-
когнитивтік талдаулар алдымен нысанға қатысты деректерді бір-бірі-
нен ажыратып алуды қажет етеді. Ол үшін концептідегі фразеологизм-
нің дискурстық ортасын анықтау керек.
Фразеологизмдегі жеке
компоненттердің түсінігіне назар аудару керек. Бұл ретте менталдық
бірліктерді түсінуге аялық білім керектігі белгілі.
Түйе малына екі жағдайда жабу жабады. Əдетте түйе
малының
өкпесіне суық тез тиеді, сондықтан оны жауып қояды. (Тұрқы ұзын əрі
өркешті жəне малдың саны біраз болса қорада ұстауға мүмкіндік жоқ);
Жəне түйенің жаңа туған ботасына көз тимесін деп. (Егер түйенің тұқымы
асыл болса, жаман деген эпитет тұрмаған болар еді. Жəне тозығы жеткен
жабу жауып, одан əрі тұқыртпайды). Бұл арада жабу сөзі мағынаны ашуға
көмектеседі. Бұл тіркес адамға қатысты, оның орынсыз жерде көлбеңдеп,
кедергі келтіретін əлдебір жағымсыз іс-əрекеттеріне қарай айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: