Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет92/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

4.3 Фразеологизмдер
де мəдени-тілдік 
семантиканың қалыптасу факторлары
Тілдегі концептілік құрылымдардың қамтитын ұғымдары əр алуан 
жəне күрделі болуы олардың ұлттық мəдени өрістегі орны мен үлесінің 
ерекше екенін байқатады. Этномəдениетке тірек болатын концептілердің 
қалыптасуына əсер ететін факторлар осыған дəлел. 
Бүгінгі таңда, аса қатты байқалған құбылыс: белгілі бір ұлтқа ғана 
тəн өзіндік ерекшеліктердің азайып бара жатқанын адамзат өкілдерінің 
мойындауы. Əрине, мұндай өзгерістер өмірдің бір саласында тым жыл-
дам көрінсе, енді бір саласында баяу орын алуда. Сондықтан ғылымда 
«этникалық мəдениет»
жəне
«этнос мəдениеті»
деген түсініктер 
қалыптасқан. Қазір жер бетінде басқа халықтар мəдениетінің əсерін 
сезінбеген этникалық қоғамдастықты табу мүмкін емес. Мұндай 
жағдай ұлтаралық қарым-қатынастардың тереңділігінен жəне жан-
жақтылығынан байқалады. Өйткені əрбір ұлт өз бетінше жеке өмір сүре 
алмайды, олардың қазіргі тіршілігі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. 
Əйтсе де, осындай сəтте адамзат бір-бірімен қандай керемет байланыста 
болса да, өзіндік этникалық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады. 
Сондықтан зерттеушілердің назарын этнос мəдениетіндегі сол этносқа 
ғана тəн болатын «этникалық мəдениет» деген түсінік тұсы ерекше ны-
сан ретінде көңіл аудартады.
Кез-келген адам өз өмірінде бір əлеуметтік топтан екінші əлеуметтік 
топқа, бір мемлекеттен басқа мемлекетке ауысуы мүмкін, бірақ сонда 
да өзінің бойында қалыптасқан этникалық тамырларынан мүлде ажы-
рап кете алмайды. Ол қоршаған əлем суретін сол өзіне тəн көзқараспен 
қабылдайды. 
Ұлттық мəдениеттің қалыптасу негізі белгілі бір адамдар тобында 
ортақ қызығушылықтардың пайда болуымен байланысты. Кейіннен олар 
ұжымдық түрде өмір сүру үшін қалыптасқан қажеттіліктер деп таныла-
ды. Бұл жекеден жалпыға айналған ұжымдық қажеттіліктер. 
Кез-келген қоғамның мəдени тəжірибесі өзінің мазмұны жағынан өте 
бай, əрі алуан түрлі. Жеке адам мəдени тəжірибені қандай мол игерсе де, 
ол бүкіл орта мен ұжымның игерген мəдени тəжірибесіне тең келмейді. 
Сондықтан жеке тұлға қоғамдық мəдени тəжірибенің тек өмірде қажет 
болатын қандай да бір бөлігін ғана игерері анық. Адамдардың күнделікті 


132
қажеттіліктеріне байланысты қалыптасқан жүйелі тəсілдер мен іс-
əрекеттер нəтижесінде нақты бір этникалық қоғамдастыққа тəн əлем 
суреті қалыптасады. Бұл орайда, əлем суреті қоғамдастықтағы адамдар 
үшін кең тараған өзін-өзі ұстау, жүріс-тұрыс, өзара қарым-қатынас т.б. 
сияқты қалыпты жүйелер жиынтығын құрайды.
Ұлттық мəдениет ұлт өмірінің барлық саласынан көрініс табады. 
Ол лингвомəдени элемент ретінде мекен-тұрақ жайынан, шаруашылық 
жағдайынан, ішетін тағамы, киетін киім-кешегі, бала тəрбиесінен де 
байқалады. Мəдени-тілдік семантиканың қалыптасуына ұлттың табиғи 
жағдайы, тілі, діні, менталитеті, тіпті, оның психикалық ерекшеліктері 
де əсер етеді. Олар мынадай факторлардан тұрады.
ÿ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет