№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

Кіріспе. 
Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа 
дейін болады. Ол экскурсияның тақырыбына, түріне байланысты. 
Мәліметтерді жүйелестіру жағынан кіріспе 2-ге бөлінеді: ұйымдастыру және 
ақпараттық бөліктер.
а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет 
береді. Оның ұзақтылығы, маршруттың ұзындығы, өткізу ерекшелігі, 
экскурсияның міндетімен таныстырады. Экскурсия қай жерде бітетіндігіде 
осы бөлімде айтылады. Көлік ішінде, су жағалауында, тауда өзін ұстау туралы 
ережелерімен таныстыру, жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып 
жүрмеуі, тазалықты, тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпау, 
көшелерді өткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі.
Осы 
бөлімде экскурсовод хабардар етеді: 
- өзінің аты-жөнін, қандай туристік фирмада істейтінін; 
- транспортты жүргізушінің аты-жөні; 
- экскурсия тақырыбы, оның атауы; 
- маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын; 
- экскурсиядағы тәртіп ережелерін; 
- қауіпсіздік ережелерін 
б) Негізгі бөлім нақты экскурсиялық объектілер негізінде көрсету мен 
баяндаудың бірлігінен құрылады. Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан 
тұрады, олар объектілерде және тақырыппен байланысты болуы қажет. Ондай 
тақырыпшалардың саны 5-12 дейін болады. Сонымен қатар, экскурсия 
құрудағы маңызды мәселе болып, объектілерді таңдау, яғни тақырыптың 


мазмұнын ашатындарды ғана таңдап алу және олар тақырыпшаларға 
байланысты болуы керек. 
Қорытынды. 
Негізгі бөлім сияқты экскурсиялық объектілермен 
байланысты болмайды. Ол уақыт бойынша 5-7 минутты алу керек және 2 
бөлімнен тұру керек.
1) Экскурсияның негізгі мазмұнының қорытындысы, тақырып бойынша 
қорытынды, экскурсияның мақсатын жүзеге асыру.
2) 
Басқа 
экскурсиялар жөнінде мағлұмат, яғни олар берілген тақырыпты кеңейте және 
тереңдете алуы керек. Қорытынды негізгі бөлім, кіріспе сияқты өте маңызды.
Экскурсияның қызықты болуы 
өте маңызды. Дегенмен де, ол туристерге қажетсіз мағлұматпен толықпауы 
қажет, материалды ұсыну әдісі де қиын болмауы керек, оны керісінше оңай әрі 
түсінікті игерілетіндей дәрежеде жасалуы керек. Осыған байланысты 
экскурсия тақырыптары тек қана белгілі бір экскурсанттар тобына сай болу 
керек (үлкен кісілер және балалар, жастар, қала немесе ауыл тұрғындары, 
гуманитарлық профессия жұмысшылары, шетелдіктер және т.б.). Мұндайды 
экскурсиондық қызмет көрсетуге дифференциалдық әдісті қолдану деп 
атайды. Ол тұтынушының қызығушылықтарын ғана емес, олардың 
мақсаттарын ескеруі тиіс. Егер экскурсия фольклорлық тур шегінде 
көрсетілетін болса, онда негізінен көрсету мен баяндауда көбінесе осы өңірдің 
тарихына, ескерткіштеріне, ұлттық ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу қажет. 
Егер де экскурсия іскерлік турдың программасына кірген болса, онда көбінесе 
іскерлік және қоғамдық орталықтарға көп көңіл бөлу қажет. Экскурсиондық 
қызмет көрсетуді курорттық аймақтарда ұйымдастырған кезде, негізінен 
экскурсиондық серуендеуді, (табиғи ландшафтыларды, ескерткіштерді, 
объектілерді тамашалау) көбірек жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет