Экскурсиялар қатысушылардың құрамы бойынша келесі топтарға бөлінеді:
Ересек азаматтар (әр алуан ұйымдардың студенттер топтарының
жинақтары, кәсіби топтар және т.б.);
Әр түрлі жастағы балалар (мектепке дейінгілер, бастауыш
сыныптағылар, орта және жоғарғы сыныптағы оқушылар);
Жергілікті тұрғындар;
Қаладан тыс тұрғындар;
Шетелдіктер.
Экскурсияны өткізу бойынша 5 топқа бөлеміз: - қалалық
- қаладан тыс
- өндірістік
- мұражайлық
- табынушылық құрылыстар және монастірлер мен мешіттер.
Қалалық экскурсия. Қалалық экскурсиялар шолулық және
тақырыптық болуы мүмкін және тек бүкіл қаланы көрсетумен ғана
шектелмейді, оның жеке бөліктерін де көрсетеді. Мысалы, қаланың ескі
орталығы.
Қаладан тыс экскурсиялар. Қаладан тыс экскурсиялар қаланың
шетінде ұйымдастырылады және автобусты немесе жаяу болуы мүмкін.
Автобусты экскурсиялардың 100 км-ден аспайды. Жаяу экскурсияларды
көліктің бір түрімен (арнайы жалданған немесе рейсті автобус, қаладан тыс
поезд, теплоход немесе тік ұшақ).
Экскурсиялық топты қандайда бір
нақты орнынға апарып сол жерде ұйымдастырылады. Қаладан тыс
экскурсиялар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Экскурсия қорытынды нүктеде жүргізіледі. Мысалы, орманда немесе
тарихи-мәдени нысандарға бай ұсақ қалада.
2. Экскурсияны жол барысында жүргізу, көрсету нысандары ретінде маршрут
бойында жақсы көрінетін көрнеліктерді пайдаланады.
3. Жол барысындағы экскурсияның, маршруттың соңғы нүкиесіндегі
экскурсияның жиынтығын айтамыз. Соның ішінде экскурсияны қорытынды
нүктеде топты қабылдайтын туристік ұйымның экскурсияның жүргізушісі
немесе мражайдың қызметкері жүргізеді.
Мазмұны бойынша қаладан тыс экскурсиялар шолулық және
тақырыптық
болып
бөлінеді.
Шолулық
экскурсия
да
бірнеше
тақырыпшаларды ашады: өлкенің тарихы, экономикадағы жетістіктер
(мәдениетте,
ғылымда),
табиғаттың
ерекшеліктері
және
т.б.