№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

 
2. Экскурсияның белгілері.
 
 
 
 
 
 
Белгі деп бір заттарды бір бірімен ұқсас қылатын, немесе бір-бірінен 
ажыратуға болатын ерекшеліктерді атаймыз. Экскурсия – ағарту және тәрбие 
жұмыстарының басқа да формалары сияқты, экскурсияны ұйымдастыруда
жүргізу мен дайындау әдісінде өзіндік белгілері мен ерекшеліктері бар. 
Барлық экскурсияларға ортақ белгілер:
1. Уақыты бойынша ұзақтылығы бір академия сағатынан (45 мин.) бір 
тәүлікке дейін. Халықаралық стандарт бойынша экскурсиялар 24 
астрономиялық сағат арасында өткізіледі. Уақыты бойынша ең қысқа 
экскурсия өндіріс орнында, мұражайда және көрмелерде өткізіледі, олардың 
ұзақтылығы 1 академиялық сағат (45 минут).
2. Экскурсанттар тобының болуы (топ, немесе жеке адам). Саны 
бойынша 1 адамнан 50 адамға дейін. Топтың саны көп жағдайда транспорттың 
сыйымдылығына байланысты. Топтағы адамдардың жалпы саны белгілі бір 
орында экскурсия жүргізудің жағдайларымен қауіптілікпен және ғимарат 
үлкенділігіне байланысты табиғи объектілерде, цехтарда, мұражайларда 
анықталады. 
3. 
Экскурсия 
өткізетін 
жүргізушінің 
болуы. 
Экскурсияның 
сапасы 
экскурсоводттың білім деңгейіне байланысты. Дәрежесі бар экскурсовод 20-
ға жуық түрлі тақырыпта экскурсия өткізе алады, ал бастауыш – 1-3 
тақырыпты игереді. Экскурсоводтың міндеті экскурсия өткізу, оларды өңдеу, 
жетілдіру, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.
4. Көрнекілік, экскурсиялық объекттерді орналасқан жерінде көрсету. 
Экскурсиялық нысандарын дұрыс таңдау, тақырыптың толық ашып 
көрсетуіне, мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Экскурсиялық нысандардың 
жүйесі, көрсету методикасы, тәсілі, түрлері болады. Арнайы көрсетусіз 
экскурсия лекцияға айналады, сондықтан ол көрсетуге бағынады. 
5. Экскурсия тобын алдын-ала құрған маршрут бойынша алып жүру. 
Маршрут экскурсия жасаған кезде құрастырылады, өзінің жүйесі болады. 
Қашықтығы бір неше жүз метрден (мұрадай, қөрме) бір неше жүз километрге 
дейін болады. Маршрут құрастырудың өзінің ережелері бар. 
6. Белгілі тақырыптың болуы, объекті бір мақсатпен көрсету. Бір 
тақырып бойынша экскурсия жасаған кезде міндетті түрде мақсаты 
белгіленеді, мақсатсыз өткізген экскурсия өзінің құндылығын жоғалтады. 
Экскурсияның тақырыбына, адам контингентіне қарай мақсат, уақыт өте келе 
тәрбие мақсаты өзгеруі мүмкін. 
7. Тақырып бойынша құжаттардың болуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет