Метрей, Некәлай пат-
ша
деп орысша есімдерді «қазақшалайды», Таубай старшын
ұлыққа
«спәсибә, спәсибә»
дейді (99).
Бұның барлығы – дұрыс, көркем шығарма шарттарының бі-
рін жазушы мүлтіксіз орындаған, Рысқұлдар мен Ахаттар орыс
сөздерін қазіргіше айтып (дыбыстап) тұрған бол са, шындыққа
жатпас еді. Сол кезеңдегі ауыл қазақтарының орыс сөздерін
айтудағы үлгісін көрсетуде ғана емес, жалпы кейіпкерлердің
әрқайсысын өзінше сөйлетуге зер салған және шындықтан алы-
стамауды көздеген. Мысалы, Тау-Шілмембет аулының беделді
ақсақалы Ахат қарт қаншама ақылгөй болғанмен, баяғының
билерінше көсемсіп, шешенсіп сөйлемейді. Ал Рысқұл болса,
ол – сөздің емес, қимыл-әрекеттің адамы, сондықтан сөздері
келте, айтары анық болып шығады.
Ақыр роман тілінің лексика-фразеологиялық бітімін сөз ет-
кен екенбіз, бұл орайда ерекше тоқталатын және бір сәтті тұсы
бар. Ол – жазушының бейнелі фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдерді едәуір келтіруі және оларды бұзбай, мейлінше
дұрыс нұсқаларын ұсынуы. Біз арнайы сүзіп шықпасақ та,
оқып отырғанда көзіміз түскен ондаған мақал мен мәтелді,
бейнелі тіркестерді теріп алдық. Бұлардың ішінде халық
тілінде әбден кәнігі, жиі айтылатын: «жетім қозы тас бауыр,
72
түңілер де отығар» (16), «бөлінгенді бөрі жейді» (95), «ұзын
арқан, кең тұсау» (41), бұл фразеологизмнің дұрыс варианты
– осы, ал кейбір авторлар мұны «ұзын
арқау,
кең тұсау» деп
келтіреді, тегі,
тұсау
сөзіне ұйқастырып параллель құру үшін,
алдыңғы қанаттағы
арқан
сөзін
арқау
болуға тиіс деп тапса
керек, «бүлінгеннен бүлдіргі алма (216) (бұның
бүлген елден
бүлдіргі алма
варианты да бар, сірә, ең дұрысы – осы болар,
өйткені
бүлу
етістігі – «ойрандалу, шабылу» мағынасында
қолданылатын көне сөз,
бүліну
сөзімен түбірлес болғанмен,
бұлардың мағыналық реңктері ажыратылған), «түйені жел ай-
даса, ешкіні көктен ізде» (125) дегендерден бастап, «көжеден
басқа асым жоқ, Құдайдан басқа досым жоқ» (27), «ойым ой-
ран, ақылым айран» (56, 70), «айдаған малы жүзге жетпеген,
жүзге жетсе, күзге жетпеген» (135), «ағайының көп болса, адам
тимес, көсеуің ұзын болса, қолың күймес (228), «жолың шы-
дыр, жолдасың қыдыр болсын» (292) т.б. сияқты аса жиі ай-
тылмайтын, бірақ мақал, мәтел, образды фразеологизмдердің
барлық шартына сай келген қолданыстар бар. «Із қалмайды,
сөз қалады» (341), «турап жемесең, етке тоймайсың» (69),
«бай баласы байға ұқсайды, байланбаған тайға ұқсайды»
(288), «тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды» (12), «көктегі
күннен шылым тұтатқандай» (19), «үрейден үркек тартқан
ауыл» (31) тәрізді қолданыстар – авторлық дүниелер болуы
да мүмкін, бірақ олар да жасалуы мен логикасы жағынан
халықтық мақал-мәтелдерден бөлектенбейді. Әр өңірдегі
халықтың күнкөріс салтына, әдет-ғұрпына, көршілермен
қарым-қатынасына қарай жергілікті мақал-мәтелдер, фразео-
логизмдер де болатынын ескерсек, «жеті күн жауған жауыннан
желдіріп өткен су жақсы» деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны
дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да
мүмкін. Не халық қазынасынан алсын, не олардың моделімен
өзі жасасын – қайткен күнде де бұл романда кездесетін баба
сөздері мен дана сөздері шығарма тексіне тігісі жатық түскен,
әрі әсерлі, әрі орынды тілдік-стильдік құралдардың біріне
айналған.
Мақал-мәтелдерді, дәстүрлі фразеологизмдерді, күрделі
экспрессоидтерді тұлғаларын бұзбай, дұрыс қолдануда Шер-
хан Мұртаза – үлгі тұтатын жазушы. Мұны әдейі атап отырған
73
себебіміз – қазіргі көптеген прозаиктер, солардың ішінде аса
танымал, мықтылары да мақал-мәтелдерді уәжсіз (мотивсіз)
өзгертіп қолданатын болып кетті, уәжсіз дейтін себебіміз –
олар поэзияда, өлеңнің ұйқас, ырғақ, өлшем сияқты шарт-
тарына орай сәл өзгертіліп қолданылуы мүмкін, ал мақал-
мәтелдердің атқаратын қызметі текстің мазмұндық-логикалық
сүйегін бекіту болғандықтан және прозада өлшем, ұйқас
сияқты сыртқы факторлар орын алмайтындықтан, олардың
тіл тәжірибесінде әбден орныққан, дәстүрлі, көптеген аймаққа
ортақ үлгілерін өзгертпей қолдану қажет. Өйткені бұлар –
жалпыхалықтық қазына, ал ортақ қазынаны себепсіз бүлдіруге
құқымыз жоқ. Жазушының тілді осылай сезінуі оның көркем
әдебиет сияқты өнер иесі болуымен қатар, ұлттық, халықтық
мүддені діттейтін ақыл иесі екенін де танытады.
Көркем шығарманың синтаксистік бітімі, бір жағынан,
оның стильдік сипатын көрсететіні мәлім. Жоғарыда айтыл-
ды, романның жалпы тілдік стилі ықшамдық, икемділік прин-
ципіне құрылғандықтан, синтаксистік құрылымдары, яғни аб-
зацтары (периодтары), сөйлемдері, сөйлем мүшелері жайылма
емес, ықшам (қысқа) болып келеді. Әрине, мұнда құрмалас
сөйлемдер, сөйлемнің жа йылма мүшелері мүлде жоқ деген
пікір тумасқа керек. Бұларсыз ешбір көркем шығарма тексінің
болуы мүмкін емес, сондықтан бұл жердегі әңгіме жалпы си-
патына қатысты болмақ.
«Қызыл жебенің» синтаксисінде жай сөйлемдермен баян-
далған, суреттелген тұстар жиі кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: |