анда, күрең, нойан,
ақтажы
т.б.) жазушы жақсы пайдаланған. Бұлар да – шығарма
тілін тарихи стиль тезіне салудың жақсы көрінісі.
Лексикалық қабаттың тарихи стиль тезі байқалатын келесі
үлкен тобы – сол кезеңдегі әскери құрылысқа, ұрыс-соғысқа
қатысты сөздер. Мұнда да жазушы көп ізденіп, мұқияттылық
танытқан.
Аламан, шеру, лек
деген сөздерден бастап,
сыпай /
сыпағ, жасауыл, тұтқауыл, ертауыл, бақауыл, шолғыншы,
отаман, тосқауыл, жандар, мылтықшы, атарман, шабарман,
қосын
сияқты әскери адамдар атаулары мен әскери құрылым
атауларын жиі кездестіреміз. Бұлардың барлығы дерлік – бұл
23
Казахско-русские отношения в ХУІ-ХУІІІ вв. Сборник докумен тов и материалов.
- Алма-Ата, 1961.
121
күнде көп қолданылмайтын, тек тарихи әдебиетте кездесетін,
мағаналары көмескіленген сөздер. Бұл қатарға ескі қару-
жарақ, са уыт-сайман, сырнай-керней, киім-кешек, жорық ба-
спанасы атауларын да қосуға болады.
Садақ, саржа, қандауыз,
қорамсақ, көбе, дулыға, шоқпар, найза, қылыш, көбе, берен,
кіреуке, шарайна, ала балта, шыңдауыл, даңғыра, ереуіл
ат
сияқты бізге батырлар жырларынан таныс, мағыналары
біршама белгілі сөздерден бастап,
тізелік, бұтырлық, қоллық,
джид, қаптан, құяқ, тегілей, бектер
(жеңсіз бектер) деген
сөздерді оқимыз. Бұлардың қатарындағы
оң жанақ
,
сол жанақ
,
маңдай немесе маңдай сүбе, арқұқ, жұңғар, барұңғар
тәрізді
сөздерді біз бүгінде көп біле бермейміз. Олардың романдағы
қолданысы өте сәтті, біріншіден, тарихи реалийлерді (зат-
тарды, нәрселерді) дұрыс көрсетіп, тари хи шындықтан
ауытқымайды, екіншіден, бұндай сөздердің бүгінгі оқырманға
түсінікті болуын мүмкіндігінше қамтамасыз етеді. Бір-екі ғана
мысал келтірелік:
Тоқсан мың әскер орыс дәстүрімен бес қосынға бөлінген
еді. Негізгі күш –
бел орта
–
большой полк
аталатын... Соны-
мен қатар
полк правой руки
аталатын
оң жанақта
да,
полк ле-
вой руки
аталатын
сол жанақта да
,
передовой полк
аталатын
маңдай, сторежевой
аталатын
тұтқауыл
– әрқайсысында
жеке қолбасы бар еді... Мың қаралы атты стрелецтен құрылған
шолғышы-ертауыл...
қару-жарақ қоры артылған
арқұқ
– обоз
өз алдына... (І, 301).
Міне, мұнда кейбір атаулардың орысша баламасын көрсетіп,
кейбірінің қазақша түсінікті вариантына беріп
(шолғыншы
–
ертауыл),
кейбірін анықтап түсіндіріп
(арқуқ),
қайткенде де
көрсетілген сөздердің бүгінгі оқырман, әсіресе, орыс тілін де
жақсы білетіндер әбден түсінетін етіп ұсынған. Ал
жандар
(телохранитель),
вой
(жауынгер, аламан),
ертауыл
(авангард),
пешіл, самопал
(білтелі мылтықтың жұпыны түрлері),
пестіл
(пистоль) сияқты атаулардың түсінігін бет етегіндегі сілтемеде
(сноскада) берген. Бұл да – дұрыс тәсіл. Көркем шығармаға
қойылатын шарттардың бірі – тілі оқырманға мейлінше
түсінікті болуы болса, жазушы таланты бұл үдеден де жақсы
шыққан.
122
Құяқ, қаптан, тегілей, бектер, қоллық, бұтырлық
сияқты
сауыт-сайман атауларының беретін мағыналары, түптөркіні
жөнінде автор орыс тіліндегі түркі-монғол сөздері туралы
жазған Ш.Уәлиханов, Д.О.Банзаров, Н.К.Дмитриевтің еңбек-
терімен жақсы танысқаны байқалып тұр. Роман тілінде кез-
десетін
Достарыңызбен бөлісу: |