68
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
4.6 -сур ет. Тығыз байланыс (тығырықтаушы аймақ): а — ішек эпителиіндегі тығыз
байланыстың орналасуы (ендірме табақша); б — тығыз байланыс аймағының үш
өлшемді схемасы. 1 — микробүрлер
Ілмектейтін немесе табандайтын байланыстарға
адгезиялық белбеуше
(жа-
бысу белбеушесі) және
десмосома
жатады.
Олардын бәріне бірдей нәрсе, ол
цитоплазма жағынан плазмалык, мембрананың бөліктеріне цитоканканың
фибриллярлык элементтері (актинді филаменттер,
аралык филаменттер
және спектрин) жакындап келеді және көрші жасушалармен байланысатын
аймактарда мембраналармен байланысады.
Адгезиялық белбеуше,
немесе
жабысу белбеушесі
(zonula adherens),
жолак
түріндегі жұп күрылымдар, олардың әркайсысы
көрші жасушалардың
апикалдык бөліктерін белбеулей коршап, бұл жерлерде олардын бір-біріне
жабысуын қамтамасыз етеді (4.7-сурет). Ол жерде жасушалар бір-бірімен ин-
тегралды
гликопротеидтермен байланысады, акырғыларға екі жасушанын да
цитоплазмасы жағынан, кұрамында ерекше винкулин нәруызы бар, мембра
на маңы нәруыздары жанасады. Бұл кабатка актинді микрофиламенттердің
шоғыры келіп, байланысады. Актинді микрофиламенттердің актинбайланы-
стырушы нәруыздармен әрекеттесуі бүкіл эпителийлік
кабаттың рельефінің
өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Ілмектейтін байланыстарға фибробласттарға тән
фокальды контакт
түрін
жаткызуға болады. Бұл жағдайда жасуша жасушамен емес, жасушадан тыс
субстраттардың элементтерімен байланысады.
Фокальды байланыстың пайда
болуына актинді микрофиламенттер де катысады. Ілмектейтін жасуша аралык
байланыстарға десмосомалар да жаткызылады (4.8-сурет).
Десмосома
немесе
жабысу дағы (macula adherens).
Олар диаметрі 0,5 мкм
шамасында ғана, кішкентай алан немесе дак түріндегі жұп күрылымдар.
Плазмалык мембранаға кұрамына десмоплакиндер кіретін нәруыздар кабаты
4.2. Жасушаның құрылымдық компоненттері
Достарыңызбен бөлісу: