144
6-Тарау. Эпителий тіндері
бөлгеннен кейін, секреторлык эпителиоциттердің калпына келуі жасуша ішілік
регенерация жолымен, кейде көбею жолымен өтеді. Голокринді бездерде
калпына келу камбиальды жасушалардын көбеюі аркылы жүреді. Жаңадан пайда
болған жасушалар дифференциялану жолымен безді жасушаларға айналады
(жасушалык регенерация).
Картайған шакта бездердегі өзгерістер безді жасушалардын секреторлык
белсенділігінін
төмендеуіне, бөлінетін секреттің кұрамынын өзгеруіне және
регенерация үдерістерінің төмендеуі мен дәнекер тінінің (бездін стромасы-
ның) каулап өсуіне әкеледі.
Бақылау сүрақтары
• Эпителий тіндерінің даму көзі, жіктелуі, организмдегі топографиясы,
негізгі морфологиялык касиеттері.
• Көп кабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі то
пографиясы, кұрылысы, жасушалык дифферондык кұрамы,
кызметтері,
калпына келуінін зандылыктары.
• Бір кабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі то
пографиясы, күрылысы, жасушалык дифферондык күрамы, кызметтері,
калпына келуі.
7-Тарау
ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА.
ҚАН ӨНДІРУ (ҚАН ТҮЗЕУ)
7 .1 . ҚАН ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Кан жүйесінің кұрамына кан, кан өндірім мүшелері — кызыл сүйек (жілік)
майы, тимус (алкым безі, айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері, кан
өндірмейтін мүшелердін лимфоидтык тіндері, сонымен катар дәнекер және
эпителийлік тіндердің ішінде орналасатын кан жасушалары жаткызылады.
Қан жүйесінің элементтері гендік және кызметтік тұрғыдан бір-бірімен
байланыста болып, нейрогуморальдык реттеудің жалпы зандарына бағынады
және барлық бөлімдерінің тығыз карым-катынасы аркылы бірігеді.
Шеткері
канның тұрақты кұрамы канның жаңадан түзелу үдерісі (гемопоэзбен) және
кан жасушаларының жойылуының сәйкестендірілуінен колдау табады.
Осыған байланысты жүйенін жеке элементтерінің дамуы, кұрылысы
және кызметтері туралы мәселелерді түсіну жүйені толык түрде сипаттайтын
заңдылықтарды зерттеу тұрғысынан ғана мүмкін. Қан жүйесі лимфалык және
иммундык жүйелермен тығыз байланыста кызмет аткарады. Иммуноциттердің
пайда болуы кан өндірім мүшелерінде, ал олардың айналымы және айналымға
кайта енуі (рециркуляциясы) шеткері канда және лимфада өтеді.
Қан және лимфа мезенхималыктіндерге жатады. Олар (борпылдакдәнекер
тінмен бірге) организмнің ішкі ортасын кұрайды да, плазмадан (сұйық жа-
суша аралык заттан) және оның ішінде орналаскан пішіндік элементтер-
ден тұрады. Екі тін өзара тығыз байланыскан,
олардың арасында пішіндік
элементтердің, сондай-ак, плазманың кұрамында болатын заттардын алмасуы
үнемі өтіп отырады. Лимфоциттердің каннан лимфаға, ал лимфадан кері қанға
кайта оралуы анықталған дерек. Қанның барлык жасушалары эмбриогенезде
(эмбрионалдык гемопоэз) және нәресте туылғаннан кейін (постэмбрионалдык
гемопоэз) жалпы полипотентті дің (бағаналык) жасушасынан дамиды.
Гемопоэздін мағынасы және кезендері төменде карастырылады.
7 .2 . ҚАН
Кан (
sanguis, һаета
) — кан тамырларының ішінде айналымда болатын,
негізгі екі компоненттерден — плазмадан және оның кұрамында калкып
жүрген пішіндік элементтерден, атап айтсақ: эритроциттерден, лейкоциттер-
ден және кан табакшаларынан тұратын сұйыктін. Плазма канның мөлшерінін
146
7-Тарау. К,ан жэне лимфа. Қан өндіру (қан түзеу)
55-60%-ын, ал пішіндік элементтері 40-45%-ын кұрайды. Алам организмінде
кан онын салмағының 5-9% -ын алады. Дене салмағы 70
кг болатын адамнын
тәнінде шамамен 5—5,5 л кан болады.
Қаннмн кызметтері. Канның негізгі аткаратын кызметтері:
тыныс алу
(өкпеден барлык мүшелерге оттегін тасып, мүшелерден өкпеге көмір
қышкылын әкелу);
трофикалық
(мүшелерге қоректік заттарды жеткізу);
қорғаныиі
(гуморальдык, және жасушалык иммунитетті, жаракаттану кезінде
каннын үюын камтамасыз ету);
сыртқа іиығару немесе экскреторлық,
(зат
алмасу өнімдерін шығару және бүйрекке тасымалдау);
гомеостатикалық
(организмнін ішкі ортасынын түрақтылығын, онын ішінде иммундык статус-
ты да сактау). Қан (лимфа) аркылы сонымен бірге гормондар жәнс баскадай
биологиялык белсенді заттар да тасымалданады.
Мұның бәрі организмдегі
канның манызды орнын анықтайды. Қанның 30%-ынан астамын жоғалту
өлімге әкеледі. Клиникалык тәжірибеде кан талдауын жүргізу диагнозды
аныктауда негізгі шараның бірі болып табылады.
7.2 .1. Қан плазмасы
Қан плазмасы дегеніміз консистенциясы сүйык болып келген жасу-
ша аралык зат. Бүл акуыздардың, аминокышкылдардың, көмірсулардың,
майлардың, тұздардын,
гормондардың, ферменттердің, еріген газдардың
күрделі косгіасы. Плазмада 90—93% су болса, 7—10% кұрғак зат, ал кейінгінің
өзінде 6,6-8,5% шамасында нәруыздар, 1,5—3,5% баскадай органикалыкжәне
минералдык косылыстар болады. Қан плазмасының негізі нәруыздарына
аль-
буминдер, глобулиндер
және
фибриноген
жатады.
Қан плазмасының pH мөлшері
7,36 шамасында аныкталады. Қан плазмасынын химиялық күрамының толык
сипаттамасы биохимия және физиология окулыктарында берілген.
7 .2 .2 . Қанның пішіндік элементтері
Канның пішіндік элементтеріне лейкоциттер және жасушадан кейінгі
кұрылымдар — эритроциттер және кан табакшалары (тромбоциттер)
(7.1-сурет) жатады. Қан жасушаларының популяциясы жаңарып отыра-
тындар катарында, олардың даму мерзімі (циклі) кыска, ал толык жетілген
жасушалардын көпшілігі акырғы (өлетін) жасушалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: