Сұр заты, яғни үлкен ми сыңарларының қыртысы эволюциялық тұрғыда мидың ең жас бөлімі болып табылады.
Мишық
Өткізгіш жолдар арқылы орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысады. Оның негізігі қызметі – тепе-теңдікі сақтау, қимылды үйлестіру, бұлшықет тонусын қалыпты деңгейде ұстау.
Жануарда мишықты алып тастау/зақымдану салдарынан болады:
Сопақша ми мен көпірде тыныс алу, шайнау, жұтыну қозғалыстарының, жүректің іс-әрекетін, зат алмасуды реттеудің орталықтары, қорғаныс рефлекстерінің орталықтары орналасқан.
Ортаңғы ми
Төрт төмпешіктен, ми аяғынан тұрады, мұндағы қызыл ядролар мен қара затта сезістал және қозғалыс орталықтары орналасқан.
Аралық ми
Құрылысы біршама күрделі. Онда көру төмпешіктері, солғын дене және төмпешікасты аймағы орналасқан.
Үлкен ми сыңарлары
Орталық жүлге, маңдай бөлігін төбе бөлігінен ажыратады.
Бүйірлік жүлге, самай және төбе бөліктерін ажыратады.
Төбе – шүйдеаралық жүлге, төбе және шүйдені ажыратады.
Маңдай
Ми сыңарларының алдыңғы бөлігін толыңымен алып жатыр. 4 иірім бар, салмағы шамамен 500 г.