Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата22.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#142567
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
философия по вопросам

Дін философиясы 
1. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер.
2. «Дүниежүзілік 
діндер» 
феномені. 
3. Буддизм және оның негізгі бағыттары.
4. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
5. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.


6. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи).
1. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. 
Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені 
белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқыңды дамуы, қоғамда діни сенімд қабылдаушылардың 
санының көртеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет еттіі етті және бұл бағыттағы 
жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, 
саясаттану, философия және тағы дабасқа ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерді 
зерттеуде. 
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері: 
1. философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық
сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;
2. көзқарастың түрі ретінде зерттейді; 
3. діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды; 
4. діннің қоғамда атқаратын қызметтерін жіктейді; 
5. сенім мен ақылдың арақатынас мәселесін қарастырады; 
Діннің анықтамасы: relegio – қасиеттілік, құдайлылық – Абсолюттік астаудың, 
Құдайдың бар екендігіне туындайтын және соған сәйкес мінез- құлық, өмір сүру тәртібін, 
тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік 
сезімі. 
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-
әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері 
адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның 
арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану 
деп анықтауға болады. 
Дін мәселесін теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық 
және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады.
Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім 
(көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни 
бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден 
тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді. 
Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген 
философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым – дінтануда діннің тамырлары 
деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, 
гноселогиялық және адамгершіліктік мәнін ашады. 
Діннің басты анықтаушы тамыры немесе себебі ретінде көптеген ғалымдар әлеуметтік 
себептерді атайды. Бұл себеп алғашқы қауымдық қоғам адамдарынан жақсы көрінеді. 
Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей 
күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз, оларға тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін 
билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған 
мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің 
санасының, қиялдауының жемісі – фантастикалық күштерге деген сенім болды. Діннің 
пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-
жылдардың басында бүкіл посткеңестікте діннің өте тез қарқынмен дамуы байқалды. 
Бұрынғы жүйе күйреп – жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар әлі анықталмаған сол 
кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік бағыт – 
бағдарын жоғалтқан адамдардың көпшілігі өздеріне қажет күш – қуатты, сенімді діннен 
іздеді. 
Діннің гносеологиялық тамырлары болып адамның танымдық және психологиялық 
қызметі негіздерінде қалыптасу мүмкіндігі жағдайлары, алғышарттары, мүмкіндіктері 
есептеледі. Таным процесі екі жақты – танымның объективті мазмұнын және 
оныңсубъективті формаларын (түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір және т.б.) 


қамтитыны белгілі. Діни санада осы процестің екінші жағы басымырақ. Елестетуге, 
логикалық аналогиялар мен абстракциялар жасауға қабілеттілік тым әсіреленіп, танымдық 
бейнелердің нақты заттардан ажыратылу қаупі пайда болады. Рациональдік танымға 
көбірек назар аударудың нәтежиесінде ұғымдарда дүние субъективті бейнеленеді. 
Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырларымен қатар психологиялық 
тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, 
жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны
күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-
эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге, 
елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. 
Діннің қызметтері: 
1. Әлеуметтік қызметі – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда 
тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырады. 
2. Адамгершіліктілік қызметі – дін жалпыадамзаттық моральдық қасиеттерді 
насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады. 
3.Компенсаторлық - адам қиындық-дағдарқа ұшырыған кезеңдерінде дін комекке 
келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға 
сенім-жігер, рухани күш береді. 
Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана 
мен дүнитанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік 
қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және 
саясат мәселелерін зерттеу. 
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және 
“діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден 
діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның 
сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық 
айқындамасы шығады. Дін этностардың оқшаулану факторларының бірі болып табылады 
және этнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын 
зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Жоғарыда айтылғандар – дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері. Бірақ, жеке-
жеке алғанда дін деген не, ол қалай пайда болды, хақ дін деп қайсысын айтамыз, деген 
тәрізді сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Теология мен философияның өзі көзқарастар 
қайшылығы болып табылады. Сондықтан дінді әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен 
түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның 
маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарстыру бізді діннің шын 
табиғатына бір қадам жуықтата түседі. 
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың барлығына 
деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, 
тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді. Ол құрылымдық жағынан діни 
сана, діни харекет, діни ұйым болып тарайды.
Дін – рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым 
мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше 
элементтерден тұрады. Солардың бірі – діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет 
осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің 
алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: 
алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным-сенімдер пайда болды, оның белгілі 
нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы қауымдық 
синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология 
трансформацияланып, сана мен рухани мәденит салалары бөлініп, жеке жетіле бастады: 
көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс 
ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен 
ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, 


ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан 
алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты тұжырымға келеді.
Мифология дегеніміз – адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи, 
өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізу. 
Мифология – адамдардың жалпы дүниетанымынан хабардар ететін немесе соны тегістей 
дерлік қамтитын осы мифтердің қатар түзеген жүйесі. Ғалымдар мифологияны ұжымдық 
сана деп есептейді. Яғни, мифологиядағы бейнелер арқылы ұжымдық түсініктер 
қалыптасады. Адамдардың әр тобының өздері мекен қылған жердің ерекшеліктеріне қарай 
түйсік-түсініктері әртүрлі болуынан бір таным объектісі немесе бір қатардағы адамшылық 
нормалары туралы әңгімелейтін мифологиялық материалдарының саналуан болуы 
ықтимал. Олардың байқағандары, көргендері және түйгендері санасында екшеліп, 
көкемөнер үлгілері түріндегі (сурет, ән, би т.б.) көрініс береді. Осыдан біртіндеп әлемдік 
мәдениет нұсқалары жинақтала бастайды. 
Мифологиялық сананың ерекшелігі – онда адам мен қоршаған орта бөлек нәрселер 
деген түсінік жоқ, жеке бір адамның санасы ру немесе тайпа санасы ауқымынан асып 
шықпайды, санадағы бар нәрсе объективті бар немесе болған деп саналады. 
Ажыратылмаған ұжымдық сана сол күйінде табиғатқа, қауымға көшіріледі, табиғатты 
“жандандырып” оған адам бейнесі беріледі.
Адамның кемелдену барысында біртіндеп табиғатпен ара қатынасын, өзінің болмыс 
ерекшелігін түсінуіне қарай мифология дүниетаным нысаны ретінде кері ығысып, 
қоғамдық сананың өзге түрлеріне – дін мен мәдениетке орын бере бастады. Әлемдік тарихта 
бұл біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта тұсына сәйкес келеді. Осы кездері 
буддизм, даосизм, конфуцийлік тәрізді жаңа діндер дүниеге келді. Дәуірлер тоғысындағы 
өтпелі кезеңде, құдай барлық әлемнің жаратушысы әрі иесі деген түсінік дүниетанымдық 
негізге айналады, құдай адамдардың өмір сүрген ортасынан бөлініп алынып, әлемнен тыс 
құдірет деп танылады. Ендігі жерде мифология көркемөнер, дін, мораль, философия, 
ғылымдар болып таралып, жеке өмір сүре бастады. 
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар “прамонотеизм” 
және адамзат тарихындағы “дінге дейінгі кезең” теориялары. “Прамонотеизм” 
концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға иланған, 
көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. “Дінге дейінгі кезең” 
теориясы алғашқы қауымдық құрылыста адамдарда ешқандай дін болған емес деген 
қағидаға сүйенеді. 
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми 
көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің “Түрлердің шығуы” теориясы
1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани 
даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. 
Тайлор) және функционалдық көзқарас. Соңғысының авторы – К.Маркс дін қоғамдық 
қатынастар жүйесінің бөлігі ретінде пайда болды деген тұжырымға келді. 
О.Конт “Қоғамдағы тәртіптің негізі не және сол тәртіпті орнатудағы діннің ролі 
қандай?” деген сұрақ қойып, “тарихтың үш кезеңі” туралы ілім жасады. Ол тарихты үш 
дәуірге бөлді: дін кезеңі немесе “теологиялық қалып” (бұл кезеңде адам санасында діни 
түсініктер мен діни идеялар үстемдік етеді); философиялық кезең немесе “метафизика 
қалпы” (адамдардың анасында абстракция басымдық етеді); позитивтік кезең (ғылым 
құбылыстарды объективті бағалауға жол ашады). 
Адамзат тарихының бірінші, діни кезеңі құдайға деген сеніммен сипатталады, осы 
сенім түрлі топтардың мүдделерінің үйлесімін, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз 
етеді. Дін бұл кездері қоғамда интегративті (біріктіруші) қызмет атқарады. Бұдан соң 
адамзат екінші және үшінші кезеңдерді бастан өткереді. Бірақ, Конттың пікірінше, 
қоғамдағы әлеуметтік-тарихи өзгерістер адамзатты ерте ме, кеш пе, қоғамдағы 
қатынастардың рухани негізі ретінде “екінші теологиялық синтезге” алып келеді, сол кезде 


“позитивті діннің” үлкен маңызы болады. Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным 
нысандары да бар. Олар: фетишизм, тотемизм, анимизм және магия.
Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың 
табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Фетишизм 
пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, 
аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар 
құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер 
туралы сенім қалыптасады. 
Тотемизм (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген 
мағына береді) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым – дін социологиясының негізін 
салушы болып танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың 
бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырымға 
келеді. 
Э.Дюркгейм бойынша, діни сенімдердің бастауы – қоғамның өзі және көнедегі ең 
қарапайым формасы осы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның 
генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі рәміз (символ) әрі ең басты құндылық. 
Сондықтан осы (белгілі бір құс, аң немесе өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол 
топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. 
Көне замандарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) 
бейнеленіп келеді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде 
дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. 
өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше 
қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен 
тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарады. 
Анимизм (латын тілінде animus – жан, рух) жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың 
сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, 
оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер 
жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, 
белгілі бір затқа дари алалды. Анимизм – алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған 
құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған.
Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі 
нанымдардың бірі – магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды). 
Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келегн құбылыс. Оның негізінде де рухқа, 
жанға иланым жатыр. 
Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж. Фрезер. Ол 
өзінің “Алтын бұтақ” атты көлемді еңғбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау 
тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда 
бола бастайды. Дін құдіретке сенім, соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына 
мүмкіндік ашады. 
Ал Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық 
және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық ойлау заңдылықтары 
бойынша дамиды, екіншісі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, әлеуметтік 
құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі жаратылыстан тыс күштерге 
илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болды, осылай әлемді діни 
тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды, деп санайды. 
Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі – Б.Малиновский бастапқы 
қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге қатысты ұтымды 
ойлауға қаблетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары нәрселер алдына келгенде 
тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған деген тұжырым жасайды. Ғалым 
өзінің “Магия, ғылым және дін” (1926) атты еңбегінде магияның қоғамға ықпалы 
жаратылыс құбылыстарын таным дәрежесіне байланысты, оның әлеуметтік қызметі – 
адамның саналуан жағдайларды шешім табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды.


Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының 
көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған. Олардан 
адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын көреміз. 
Шаманизм - алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). 
Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған. 
Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым 
адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын. 
Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды 
пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды. Бақсылықтың негізгі мазмұны – 
шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіру. 
Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. 
Будда дінінің негізін салушы Сиддхартха Гаутма
Будда діні ілім ретінде орныққаннан кейінгі кездері туған аңыздарға қарағанда баланы 
оқыту үшін шақырылған ғұламалар оның ержеткен соң адамның көзінен надандық шелін 
аластап, әлемнің әміршісі болатындығын, бала төрт белгіні – қарт адамды, науқасты, өлікті 
және тақуаны көрген соң қазіргі өмірден безінетінін сәуегейлікпен болжайды.
Ол өзі ашқан төрт ақиқатты көпке жеткізуге асықты. Соңынан будда діни ілімінің 
негізіне айналған бұл “төрт ақиқат” мыналар болатын: 
1. Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, 
қартаюы, өлуі – бәрі қасірет.
2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында 
жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен. 
3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана 
қасіреттен арылуға болады.
4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа “ортаңғы” немесе “сегіз түрлі” жолмен жетуге 
болады. Олар: 1) қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2) дұрыс ойлау білу; 3) сөзді 
дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5) салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық 
жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 
6) адал еңбек ету, 7) ізгі нәрселерді ойға сақтау, 8) дене күші мен психиканы дұрыс арнаға 
сала білу. 
Өмір өзінің бастауын белгісіздік тұңғиығынан алады. Бірінші адамның тағдыры 
– кармасы бар бастапқы тіршілік нышаны пайда болып, одан сана, адамның дене пішіні мен 
мінез-құлқы, сезімі қалыптасады. Адам есейіп, өмірді тани бастаған сайын оған құмарлығы 
артып, әртүрлі тілектер пайда бола береді. Бұл тілектер көбейген сайын оның мінез-
құлқындағы жаман қасиеттері де көбейе береді. Ақыр-соңында өмірге бейкүнә келген 
адамды оның осы тілектері қасіретке, өлімге жетелеп алып барады. 
Христиандық – I ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да 
Палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни 
ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше – Иешуа, арабша – Ғайса) есімімен байланысты. 
Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған 
(“Христос” – көне еврей тіліндегі “Мессияның” баламасы). 
Иисус Христос тарихта болған адам ба, жоқ па деген мәселе төңірегінде ғалымдар 
арасында әлі күнге талас көп. Бұл мәселеде екі түрлі ғылыми бағыт айқындалды: бірі – 
Иисус деген миф, мұндай адам болмаған деген мифтік бағыт. 
Православие. Православие діні II ғасырдан бастап Шығыс Рим империясындағы 
(Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу 
басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес. 
Православиелік ілімнің негізі – Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет.
Католицизм. Рим-католик шіркеуі Батыс Европада XVI ғасырға дейін айырықша 
үстемлік етті. 
Католик шіркеуінің басшысы – Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы 
Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны 


– конклав сайлады. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан 
Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық 
қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін 
күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды.
Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы 
“жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу 
күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына 
индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. 
Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта 
жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді.
Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Біздің дәуіріміздің VII ғасырында 
Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб шығанағында саяси және діни тұрақсыздық орын 
алды.. 
Ислам “Мұхаммед пайғамбардың мөрі” – деп атайды. Өйткені ислам діні адамзат 
баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың соңғы елшісі саналады. 
Осыдан соң пайғамбарлық тынады, халифтер (ізбасарлар) келеді. 
Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға 
басшы болуға шақырды. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылдан соң ол ізгі 
жолға түсушілерді бастап, Медина қаласына көшті 
Исламды бүкіл араб жұрты мойындады. Пайғамбар Византия мен Иранға исламды 
Хиджра – ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп 
отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша 
сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге 
уағыздайды және Құран – Каримдегі (Қасетті Құран) аяттар мен пайғамбардың хадистері 
арқылы соның ережелерін белгілейді. 
Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. 
Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: “Дінде зорлық жоқ” – деген. Яғни, ислам дініне 
біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, 
өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс. 
Исламдағы негізгі бағыттарды Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден 
өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді, соның біреуі ғана жаннаттық, - деп. Пайғамбар Алланың 
рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар-суннилер және 
шииттер (шиа – қосылу, бірігу). Бұл бөліну негізгі дінді таратудан емес, тақ таласынан 
туды. 
“Сунна” араб тілінде “жол” деген мағына береді. Cуннилер хадистерді нағыз 
мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін “аһли ас-сунна”, немесе “аһли 
әхли-сунна уа жамағат” - “сунна адамдары”, - деп атайды. Сонымен бірге олар Мұхаммед 
пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне “аһли шариар” деп те аталады. Суннилер негізгі 
төрт мазхабқа бөлінеді. Олар – ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи 
жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер. 
Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының бірі, олар 
Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағала арасында елшінің 
болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның 
ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. 
Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан да болар шийттік баспалардан 
шыққан Құран кәрімдерде Алиді ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. 
Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар)деп аталады. 
Алдымен ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың 
арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы Ислам мәдени 
орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар қалалармен көршілес 
орналасқандықтан үнемі тығыз мәдени-экономикалық байланыста болды. Біздің елімізге 


негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит 
мазхабындағы сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген 
миссионерлердің ықпалымен болды. 
Діни жағдай адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы 
Конститутциясының 22-бабында былай делінген: “Әркімнің ар-ождан бостандығына 
құқығы бар.” Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2030” деген Қазақстан халқына жолдауында: 
“Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік 
бермеген елдің болашағы жоқ,”-деген болатын. 
Конститутцияны бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған: 
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конститутциялық құрылысын күштеп 
өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, 
нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған 
қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген 
әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. 
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік 
одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен 
кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен 
халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. 
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ 
шетелдік 
діни 
орталықтардың 
Республикадағы діни 
бірлестіктер басшыларын 
тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге 
асырылады. 
Он төртінші бапта былай жазылған: 
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, 
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-
келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімдікі ешқандай кемсітуге болмайды. 
Он тоғызыншы бапта: 
1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататын өзі анықтауға және 
оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. 
Жиырмасыншы бапта: 
3. Республиканың конститутциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын 
бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, 
ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-
зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет