79
ЭКГ: вертикаль электрлiк позиция, тiсшелер вольтажы төмендеген.
Pq интервалы 0,16-0,30 сек аралығында, qRST комплексi 1:8, 1:10
қатынасында түсіп қалған.
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерін саралаңыз.
Дифференциялық
диагноз жүргiзiңiз.
2. Тексеру жоспарын құрыңыз.
3. Нью-Йорк кардиологтарының ассоциациясы диагноздық критерийлерін
еске түсіріңіз.
4. Клиникалық диагнозы.
Жауаптары:
1. Жүректің аускультациялық мәліметтерінің анализіне тоқталсақ:
жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнің қалыптылығы, жүрек ұшында I
тонның әлсiреуі, жсс бір минутта 86 рет болуы‚ минутына 1:8; 1:10
қатынасында жүрек соғуының естiлмей қалуы (қарынша аралық перде
аймағының қабынуы) миокард зақымдануының ошақты процесс екендігін
дәлелдейді; ешқайда тарамайтын тұрақсыз систолалық шудың пайда болуы
миокард зақымдануының
көрінісі папилляр, емізікше бұлшық еттерінің
дисфункциясымен түсіндіріледі. Егер систолалық шу органикалық
(митраль қақпақтарының тікелей зақымдануы) болса, ол жүрек ұшында
тұрақты естіліп, қолтық астына тарар еді. Митраль қақпақтарының
органикалық
зақымдануы
әдетте
ревматизмдік
этиологиялы
болатындықтан, ревматизмдік қызбаның критерийлері болуы керек
/(үлкен
критерийлері:
кардит (эндомиокардиттің басымдылығымен), полиартрит
(буындық
синдромның ұшпалылық, ірі буындарды зақымдау, айқын
қабынудың ҚҚСЕД тез, қалдық көріністерсіз басылуы), хорея, сақина
тәріздес эритема, теріастылық ревматизмдік түйіндер;
кіші критерийлері:
клиникалық (артралгия, қызба), лабораториялық (жедел фазалық
реактанттар деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП), инструменттік (ЭКГ: РR
интервалының ұзаруы, допплер ЭхоКГ: митраль не-,
немесе қолқалық
регургитацияның белгілері); өткерген А-стрептококтік инфекцияның
дәлелдері: аңқадан А-стрептококтік культураның егілуі немесе А-
стрептококтік антигенді тез анықтау тестінің оң болуы, стрептококке
қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О, АСК)/, олар бұл
науқаста жоқ. Минутына 1:8; 1:10 қатынасында жүрек тондарының
естiлмей қалуы жүрекше-қарыншалық
өткізгіштік бұзылысының дәлелі,
аталған қатынас АВБ II дәрежесі, Мобитц-2 сипаттайды.
80
2. Клиникалық минимум, жедел фазалық реактанттар деңгейі, АсТ, АлТ,
КФК (бұлшық еттік фр.), ЛДГ
1,2
, АСЛ-О, иммундық статусын тексеру,
ЭКГ, ЭхоКГ.
3.
Нью-Йорк
кардиологиялық
ассоциациясының
диагноздық
критерийлері:
басынан
өткерген
инфекцияның
клиникалық,
лабораториялық мәліметтері мен келесі белгілердің біреуі жұптасқанда
ревматизмдік емес миокардит диагнозы қойылады (жүрек шектерінің
ұлғаюы, жүрек
шамасыздығы, шок, өткізгіштік бұзылысы, аритмиялар,
ЭКГ ST сегменті мен Т тісшесінің өзгерістері).
4. Негізгі ауруы: Ревматизмдік емес ошақты миокардит, инфекциялық-
токсиндік этиологиялы (Н.Р.Палеев, 1978), аритмиялық варианты
(М.И.Теодори. 1965),
АВБ II дәрежесі, Мобитц-2, жедел барысты, орта
ауырлықтағы.
Асқ.: ЖШФК
І
.
Достарыңызбен бөлісу: