82
1. Жүрек аймағындағы
систолалық шу бұрын болмаған, оның оң 2-шi
қабырғааралықта және төстiң сол қырының бойымен орналасуы аорта
проекциясына сай келеді; сонымен қатар, ауырсыну синдромының төсi мен
арқасында орналасуы, соқтығысу және ауыр зат көтеруден дамуы аорта
аневризмасындағы оның қабаттарының (ажырауымен) сылынуымен
байланысты. ерекшеліктерін саралаңыз.
2. АҚ-ның өзгермелілігі аорта қабаттарының ажырай сылынуының
жалғасуында, ажыраған қабаттар арасына
қан көлемінің кетуінен және
ауырсыну шогімен де байланысты.
3. Нег. ауруы: Артериялық гипертензия III дәрежелi, қауiп-қатер тобы 4 –
өте жоғары (артық салмақ, сол қарынша гипертрофиясы, аорта
аневризмасы, оның қабаттарының ажырауы).
Асқ.:
Аорта аневризмасы, оның қабаттарының ажырауы. Ауырсыну,
геморрагиялық шогі.
Клиникалық жағдай №14
18 жасар студент клиникаға келесi шағымдармен түстi: басының
ауыруы, айналуы, шулауы, әсiресе физикалық күштен соң естен тануы,
жүрек
аймағының мезгiл-мезгiл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы
әлсiздiк.
Анамнезiнде: бала шағында дәрiгерлер тума ақаудан күдiктенген,
себебi жүрегiнде шу естiлген. 17 жасынан бастап басы ауырып, айналып,
басында, жүрегiнде тамыр соғысын сезу мазалаған. Артериялық
гипертензия диагнозы қойылып‚ антигипертензиялық дәрмектермен
емдегенмен нәтиже болмаған. АҚ 170/100-180/100 мм сын. бағ. деңгейінде
сақталған. Кейiн келе аяқтарында
әлсiздiк пайда болып, жүргенде
күшейетiн болған.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген,
иық белдеуi мен қолдарының бұлшық еттерi жақсы дамыған. Ұйқы
артерияларының пульсациясы көрiнедi. Өкпесiнде патологиялық өзгерiс
жоқ. Пальпацияда сол жағынан II-III қабырғааралықта систолалық дiрiл
сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 4 см тысқары ығысқан.
II-III қ/а дөрекi систолалық шу естiледi, шу
жауырын аралығына, жүрек
ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен толуы жоғары,
ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. бағ.,
аяқтарында 110/70 мм сын. бағ.
83
1. Қалыпты жағдайда аяқтардағы АҚ қолындағы АҚ төмен.
а) дұрыс
б) дұрыс емес
2. Жетекші синдромдарын атаңыз.
3. Рентгендiк қандай өзгерiстер тән, механизмі?
4. Диагнозын жазыңыз.
Жауаптары:
1. б). Қалыптыда аяқтар АҚ қолындағы АҚ 40-50мм сын. бағ. жоғары.
2. Артериялық гипертензия, гемодинамикалық (аяқтарындағы АҚ
төмендігі тума ақау аорта коарктациясына тән); тума ақау (аорта
коарктациясы); кардиомегалия (сол қарынша ұлғаюымен); кардиалгия;
синкопэ.
3. Қабырғалардың
төменгі шеттерінің тісшеленуі, аортаның тарылған
жеріне дейінгі тамырларға қан көп көлемде түсетіндіктен, коллатеральдер
айқын дамиды, олар өскелең ағзада қабырғалардың төменгі қырларын
жылдар бойына өзгертеді.
4. Негізгі ауруы: Жүректің тума ақауы: аорта коарктациясы.
Асқ.: Симптомдық (гемодинамикалық) АГ. Синкопэ.
Достарыңызбен бөлісу: