Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет40/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Клиникалық жағдай №12 
17 жастағы жасөспірім, ревматология бөліміне әскери комиссиямен 
жүрек ұшында естілген систолалық шуға байланысты жіберілген. 
Шағымдары жоқ.
Объективтi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник
перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда өзгеріс жоқ, 
перкуссияда жүректің шала тұйық дыбыс шектері өзгермеген, 
аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң 
қосымша систолалық тон, артынша систолалық шу естіледі. Пульсі 70 
минутына, толуы мен кернеуі қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ. 
Бауыры үлкеймеген. 
Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады. 
1. Жүрек аускультациялық мәліметтеріне саралаңыз. 
2. Тексеру жоспарындағы ең дәлелді тексеру тәсілі? Оның мәліметтері? 
3. Клиникалық диагнозы. 
Жауаптары:
 
1. Аускультациядағы I тонның екі айырылуы, яғни, үш мүшелі систолалық 
шоқырақтың болуы Барлау синдромына тән (митраль қақпағы 
жармасының сол жүрекшеге қайырыла “салбырауы” – пролапстен 


81 
дамиды), систолалық шу – регургитациялық, себебі ол митраль қақпақтары 
жармасының пролапсі митраль регургитацияға жалғасқанда ғана естіледі 
(науқаста қосымша тоннан кейін естілді). 
2. Тексеру жоспарындағы ең дәлелді тексеру тәсілі – ЭхоКГ. Оның 
мәліметтері: қақпақтар жармасы қозғалыс траекториясының өзгеріп, сол 
жүрекше қуысына “салбырауы”, регургитацияның болуы (оның дәрежесі 
анықталады). 
3. Негізгі ауруы: Жүректің дәнекер тіндік дисплазиясы. Митраль 
қақапақтарының пролапсі, ... дәрежелі регургитация. 
Асқ.: ЖШФК
0

Клиникалық жағдай №13 
45 жастағы ер кiсi, жедел жәрдем көлiгiмен жеткiзiлдi, шағымдары: 
төс пен эпигастрий аймағының өте күштi ауыруы, арқасына тарайды
кеудесiнiң барлық бөлiгiнiң күю сезiмi, ентiгу, бас айналуы мен қатаң 
жалпы әлсiздiк. 
Өзiн 15 жылдай артериялық гипертензиямен науқас санайды, жүйелi 
ем қабылдамаған. АҚ кезеңдермен 220/120 мм сын. бағ. дейiн жоғарылап 
тұрған. Екi апта бұрын, көлiк апаты кезiнде кеудесiнiң алдыңғы бөлiгiмен 
қатты соғылған, содан төс артындағы ауырсыну мезгiл-мезгiл мазалаған. 
Клиникаға түсер күнi ауыр зат көтеруiне байланысты төсi мен арқасында 
ауырсыну пайда болып, басы айналған. Жедел жәрдем дәрiгерiнiң 
ауырсынуды басуға берген емi нәтижесiз болған.
Объективтi: жалпы жағдайы ауыр, салмағы артық, орын таппай 
мазасызданады, бетi қуқылданған, акроцианоз. Тыныс жиiлiгi минутына 26 
рет. Жүрек шектерi кеңiген, тамыр будасының енi – 9см. Жүрек тондары 
әлсiзденген, ырғақты, оң 2-шi қабырғааралықта және төстiң сол қырының 
бойымен систолалық шу естiледi. АҚ 120/60 мм сын. бағ. Бауыры 
үлкеймеген. 2-3 сағат iшiнде ауырсыну төменге, шап пен бел аймағына 
тарады, АҚ 100/50 мм сын. бағ. дейiн төмендедi. 
1. Жүрек аймағындағы шудың және ауырсыну синдромының 
ерекшеліктерін саралаңыз. 
2. АҚ-ның өзгермелілігіне баға беріңіз.
3. Клиникалық диагнозы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет