136
ПРОЕКТ
Бұларға қоса Қазақстан байтағын
алыстан шолып, суретке түсіріп оты-
ратын отандық ғарыштық жүйе жұмыс
жасайды. Олардың қызметін мемлекет-
тік орталық және жергілікті органдар,
сондай-ақ қорғаныс және қауіпсіздік
мекемелері пайдаланады. Бұл жүйеге
екі оптикалық ғарыштық аппарат
«Kaz-EOSat-1» пен «KazEOSat-2» және
оларды жерден басқаратын кешенмен
ғарыштан жіберген фотобейнелерді (сурет 4.9), басқа да ақпараттарды
қабылдап өңдейтін кешендер кіреді. Қазірдің өзінде еліміздің барлық
аумағы және әлемнің ірі қалалары суретке түсірілген. Олардың қызме-
тін мемлекеттік орталық және жергілікті органдар, сондай-ақ қорғаныс
және қауіпсіздік мекемелері пайдаланады.
Қазақстандық ғарыш аппараттары көрші мемлекеттермен шегаралас
аймақтарда орналасқан мұздақтар мен су көздеріне және трансшегаралық
өзендерге мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. «KazEOSat-1»
пен «KazEOSat-2» ғарыш аппараттарының сапалы суреттері мен бейне-
материалдарына көптеген мемлекеттер қызығушылық танытып отыр.
Осыған орай ғарыштық бейнематериалдарды экспорттау көлемі жылдан-
жылға артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: