Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет91/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

10.4.
 
ЭЛЕКТР ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ АВТОМАТТЫ 
БАСҚАРУДЫҢ ҮЛГІЛІ СХЕМАСЫ 
 
Электр жетекті басқару электр қозғалтқышын іске қосу мен 
тоқтатудан, оның айналу жиілігін реттеуден, тежеу жəне кері 
айналдырудан тұрады, яғни өндірістің технологиялық режиміне 
негізделген режимді үздіксіз ұстауды білдіреді. Электр жетекті 
басқару қол немесе автоматтандырылған болуы мүмкін. 
Қолмен басқару 
аппараттары көп жағдайда салыстырмалы қуаты 
аз электр қозғалтқыштарды қосуға жəне сөндіруге арналған. Қуатты 
электр жетектерін қолмен басқару кейде адамның физикалық 
қабілеттерінен асып түсетін зор күшті пайдалану қажеттілігімен 
қиындайды. Бұл жағдайда электр жетектерін тек автоматты басқару 
құрылғыларының көмегімен ғана басқаруға болады. 
Автоматты басқару 
заманауи өндірістің көптеген талаптарын 
қанағаттандыруға мүмкіндік береді жəне сол себепті өнеркəсіпте 
қалаулы, ал кейбір өндіріс түрлері үшін - басқарудың жалғыз жолы 
болып табылады. Қазіргі автоматтандырылған электр жетектері 
машиналарды қашықтықтан басқаруға, өндірістік машинаны бір 
қалыпта тоқтатуға, қозғалтқыштың айналу бағытын өзгертуге, 
қозғалтқышты жəне машинаны асры жүктелуден сақтауға, 
техологиялық процестің қажетті операциялар ретін жүргізуге жəне 
т.б. мүмкіндік береді. 
Электр жетегін басқаруды автоматтандыру түрлі реле, 
контакторлар, 
электромагнитті 
аппараттар, 
магнитті 
жəне 
электромашиналық күшейткіштер, электрондық түрлендіргіштер 
жəне т.б. кең қолдануды қажет етеді. Бұл электр жетектеріне 
өндірістің технологиялық процесінің талаптарына сəйкес əсер етуге 
жəне электр жетегін бағдарламаланған басқаруға əсер етуге 
мүмкіндік береді, атқарушы механизмдердің жұмысы технлогиялық 
процестің ретімен анықталатын, бұрын орнатылған бағдарламаға 
сəйкес жүргізіледі. 
Аппараттар контактілері тұйықтағыш, ажыратқыш жəне 
ауыстырып қосқыш болып бөлінеді. Электр жетектерін басқару 
схемаларында 
күштік 
немесе 
электрлік 
тоғы 
электр 
қозғалтқыштарына жеткізілетін басты тізбектер, сондай-ақ бақылау 
тізбектері бар, соңғыларға басқару, қорғау жəне сигнализация 
тізбектері жатады. 


159 
Электр жетектерін басқаруды автоматтандыру негізінен іске 
қосуды, тежеуді жəне тоқтатуды автоматтандыруға, қозғалтқыш 
қыза бастағанда резисторлардың біртіндеп ауысуына жəне 
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда айналу жиілігін реттеу кезінде 
олардың параметрлерін өзгертуге əкеледі. 
Электр жетектерді автоматты басқарудың негізгі принциптері 
функционалдық тəуелділік бойынша əртүрлі шамаларға сəйкес 
бөлінеді: 

тоқ функциясы ретінде басқару, яғни электр қозғалтқышының 
орамдарымен ағатын тоқтың мəніне байланысты;

уақыт функциясы ретінде басқару, электр қозғалтқышының 
тізбегіндегі ауыстырып қосулар бойынша екі көрші операциялар 
арасындағы 
белгіленген 
уақыт 
ұсталымын 
белгілеуге 
негізделген;

электр жетектің айналу жиілігінің функциясы ретінде;

қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін атқарушы механизмнің 
жол функциясы ретінде басқару.
Бірақ басқарудың бірдей схемаларында автоматты басқарудың 
əртүрлі приницптерін жиі қолданады. Бұл ретте басқарудың күрделі 
схемалары қалыптасады, жəне де олардың ішінде əрқашан жеке 
электр жетектерін басқару схемаларын бөлуге болады. 
Тұрақты жəне айнымалы тоқтың электр жетектерін автоматты 
басқарудың үлгілі схемасын қарастырамыз. 
Қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты магнитті іске 
қосқыш көмегімен басқаруға болады. 
Магнитті іске қосқыш 
жалпы 
қаптамамен жабылған контакторлардан, жылулық реле жəне 
түймелік станциядан тұратын аппаратты айтады. Магнитті іске 
қосқышты қозғалтқыштан кез келген қашықтықта операторға 
ыңғайлы жерде орналастырады. 
Басқару 
схемасына 
сəйкес 
(10.5-сурет) 
асинхронды 
қозғалтқышты екі айналу бағытында автоматты іске қосуға болады: 
«Алға» (Ал) жəне «Артқа» (Ар), жəне де оны тоқтату. Ол үшін 
магнитті іске қосқыштың екі контакторы (Ал, Ар) жəне үш 
түймеден тұратын (Ал, Ар жəне «Стоп») түймелік станциясы бар. 
Қысқа 
тұйықталудан 
қозғалтқыш 
сақтандырғыштармен 
қорғалған. Шамадан тыс жүктеме туындаған кезде басты тізбекке 
тізбектей жалғанған 1PT жəне 2PT жылу релесінің қыздыру 
элементтері олардың бірі (немесе екеуі бірге) іске қосылып, 
контакторлар катушкаларымен басқару тізбегіне тізбектей 
жалғанған контактілер 1PT жəне 2PT ажыратылатындай етіп 
қыздырылады. Басқару тізбегі «Стоп» түймесімен орындалатын 
жолмен ажыратылады жəне қозғалтқыш сөндіріледі. 


160 
Л
1
Л
2
Л



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет