“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
Лекция МАКТ (1)

Е.П. Смирнов
ұсынады. Бұл жасалған жүйенiң басты ерекшелiгi ол өзіндiк курс 
ретiнде жасалды.
1991 жылы жарияланған Я. Морголис, А. Иванов, Э. Баранкина 6-9 жастағы 
балаларға компьютерлiк бiлiм берудiң келесi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтыған:
-
ойлаудың түрлерiн дамыту үшiн компьютердi пайдалану; 
-
компьютердi оқытудың, жобалаудың, музыкамен шұғылданудың, бейнелеу 
өнерiмен айналысудың, есептеудiң өңдеу құралы ретiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi 
жөнiнде түсiнiктер беру; 
-
балалардың есептеуiш техникаға деген қызығушылығын және жағымды сезiмдiк 
қарым-қатынасын тудыру; 
-
балалардың компьютермен жұмыс iстеуге бiлiмдерiн, біліктіліктерін, дағдыларын 
қалыптастыру. 
Курстың программалық құрамына «Роботландия», «Logo Writer» ал, бiлiм мазмұны 
ретiнде дамытушы компьютерлiк «Бiлгiш» программалау пакеттерi ұсынылған. 
Информатиканы оқып бiлу объектiсi ретiнде компьютерлердi қолдану оқытудың негiзгi 
құралы болып табылады. 
Информатика курсының кезектi кезеңi 1991 жылы басталған «Пилот мектептерi» 
жобасымен байланысты. Оқу үрдiсiнде ІBM PS/2 типтегi дербес ЭЕМ пайда болды. Бұл 


түрдегi компьютерлер үшiн жаңа бастаушыға немесе жеткiлiктi маманданбаған 
пайдаланушыға есептелiнген үлкен көлемдегi әртүрлi программалық құралдар бар. Курс 
бойынша нақты оқу құралы жоқ, бiрақ жақсы әдiстемемен жабдықталған оқу-әдiстемелiк 
кешендер бар болды. 
Мектептегi информатика курсы бiрiншi кезекте балаларды программалауға үйретуге 
бағытталған.
Осылайша, «Информатика негiздерi мен есептеуiш техника» курсын оқытудың 
алғашқы кезеңдерiнде алгоритмдеу арқылы математикалық есептер шығарудың кезеңдерi 
қолданса, көптеген – эксперименттiк байқаулар жүргiзу нәтижесiнде соңғы жылдары 
информатиканы оқытуды бастауыш мектептерден, тiптi мектепке дейiнгi балалардан бастау 
қажеттiгi туралы ой тұжырымдар пайда бола бастады.
1992 жылы «Информатика мен есептеуiш техника негiздерi» курсы бойынша 1-4-
сыныптарға арналған бағдарлама ашық басылымда жарияланды, сонымен қатар бастауыш 
сыныптарға арналған бағдарламалар ұсынылып, оны оқыту әдiстемелерi тәжiрибе жүзінде 
жүргізіле бастады. Бүгiнде Ресейде бiрнеше авторлар дайындап, тәжiрибелiк сынақтан 
өткiзiлiп, қолданылып жатқан бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдардың бастауыш 
сыныптарға арналған нұсқалары жеткiлiктi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет