С. Пейперт пен М. Мински бастауыш сынып оқушыларына «Информатика және
есептеуіш техника негiздерi» пәні бойынша әрi жеңiл, әрi қызықты Лого программалау тiлiн
оқытуды ұсынды. Мұнда зерттеу ортасы ретiнде - Лого программалау тiлi, зерттеу объектiсi
ретiнде - компьютер, ал атқарушы ретiнде - тасбақа алынады. Лого программалау ортасын
пайдаланғандағы мынадай жетiстiктерге қол жеткізілген: балалар қоршаған ортаны еркiн
меңгередi, сонымен қатар өз бетiмен көрген-бiлгенiн негiздеуге, қорытындылауға үйренеді;
Лого ортасында оқушылар жiберген қателерiн өздерi жөндейдi; Лого ортасында мектепте
оқытылатын «ғылыми теориялар» мен балалардың құрастырған «ғылыми емес» теориясы
арасында айтарлықтай алшақтық болмайды; оқушылардың мұғалiмдермен жүргiзiлетiн
сабаққа қарағанда, олардың Лого программалау ортасына деген қызығушылықтарының
басым екендiгi байқалған.
А.А. Дуванов, Я.Н. Зайдельман, Ю.А. Первин және М. Гольцман ұсынған
«Роботландия» курсы алғаш рет 1987 жылы жас программа құрушылардың Переславтағы
жазғы мектебiнде тәжiрибеден өтті. Бұл жылдары екi Переславтық мектептiң бiрнеше
сыныптарында салыстырмалы педагогикалық эксперимент басталды. Олардың міндеттері
информатиканы үйренудi бастаған оқушылардың жасын бағалау болып табылады.
Екi жылдық «Роботландия» курсы 3-4 сыныптарда бiрмезгiлде жүргiзiле басталды.
Роботландия курсы бастауыш сыныптарға информатиканы енгiзудi алғаш рет бастаған
тәжiрибелiк жұмыстардың бiрi, өйткенi, бұл жылдары орта мектептiң тек 9-10
сыныптарына ғана информатика пәнi оқытылатын едi. Сондықтан, бiрден төменгi
сыныптарға информатиканы енгiзудi авторлар былай түсiндiредi: оқушылардың
ойлауының қалыптасуына информатика курсының рөлi өте маңызды екендiгiн; ЭЕМ-де
оқушылардың ақпараттармен практикалық жұмыстар жүргiзу қажет екендiгiмен;
компьютер информатика курсын роботтар елiне деген сияқты қызықты ойындарға
айналдыруға мүмкiндiктер туғызады деп тұжырымдайды:
-
оқушыларға әлемнiң ақпараттық бейнесiн қалыптастыру (бұл мiндет информатикада
жаратылыстану ғылымында қойылады);
-
оқушыларда компьютерлiк сезiм қалыптастыру. Мұнда оқушылар ЭЕМ-дi тиiмдi
пайдалана бiлулерi керек. Қажеттi құрал ретiнде пайдалану мерзiмi мен мүмкiндiктерiн
бiлуi керек;
-
ойлаудың операциялық стилiн қалыптастыру.
Роботландия курсының жалпы тұжырымында мәтiндiк, графиктiк және музыкалық
редакторлар жөнiнде мәлiметтер берілген.
Төменгi сыныптарға информатика курсын оқытуға негiзделген келесi тұжырымды
1988 жылы