“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Лекция МАКТ (1)

И.В. Левченконың
«Бастауыш мектепте информатиканы оқып үйренуде 
алгоритмдiк шеберлiктi дамытудың әдiстемелiк құралдары» еңбегінде автор өзiнiң зерттеу 
жұмысында бастауыш мектептiң 1-4 сыныптарына информатиканы оқып үйренуде 
алгоритмдiк шеберлiктi дамытудың әртүрлi әдiстерiн қарастырады. Әрбiр сыныпқа 
информатика элементiн оқытуды алгоритмдiк жолмен бередi. 1-сыныптан бастап келесi 
сыныптардың бағдарламалары бiртiндеп күрделене бастайды. Алгоритмдермен жұмыс 
iстеу үшiн КИД/Малыш, «Роботландия» компьютерлiк сүйемелдеу программалары 
қолданады.
А.А. Витухновская, О.А. Красноперова, Е.Я. Коган және Ю.А. Первин 
ұсынған
 
компьютердi қолданып оқытуға бағытталған бiрнеше бағдарламалардың iшiнен 


«
Ақпараттық мәдениет» бағдарламасы өзiнiң алға қойған мақсатының анықтығымен және 
ондағы қарастырылатын материалдардың мазмұны информатика пәнiне сәйкес 
келетiндiгiмен ерекшеленедi. Ал, оның авторлары мектепте өтiлетiн 1-шi сабақтан 
оқушыларда «Ақпараттық мәдениет» элементтерiнiң негiзi қалануы қажет деп есептейдi. 
2003 жылы Ю.А. Первин «Информатиканы ерте жастан оқыту» курсының 
тұжырымдамасын ұсынған. Автор бұл еңбегiн информатика пәнi мұғалiмдерiне өзiнiң 
«Информатика негiздерi» оқу құралы кешенiне енгiзiлген 4-сабағын ұсынады.
Бiрiншi сабағында
 
«программалық ойлау мәнерi» ұғымына түсiнiктеме берiп, оған 
қажеттi келесi дағды мен біліктіліктердің қалыптасу қажеттiлiгiн атап өтедi: мақсатқа 
қажеттi iс-әрекеттiң құрылымын жоспарлаудың; объектiлер мен жүйелердi сипаттауға 
қажеттi ақпараттық модельдердi құрудың; берiлген тапсырманы шешуге қажеттi 
ақпараттарды iздеудi ұйымдастырудың; тәртiптiлiк және байланыстың тiлдiк құралдарын 
құрудың; түрлi пәндiк салалар бойынша тапсырманы шешуде компьютермен дер кезiнде 
жұмыс жасаудың; пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасау, компьютермен өзара 
қарым-қатынас жасаудың техникалық дағдылары сараланып көрсетiлген.
«Мектептегі информатика курсының негiздерi» атты екiншi сабағында сол кезеңде 
бiлiм беру iсiнiң қойылып отырған жаңа мәнерде ойлай бiлетiн ұрпақ тәрбиелеу мiндетi, тек 
мектепте оқытылатын дәстүрлi пәндер арқылы қалыптастыру мүмкiн еместiгi айтылған. 
Тiптi гуманитарлық пәндермен қатар, физика, астрономия, биология, математика сияқты 
күрделi пәндер оқушылардың операциялық ойлау мәнерiнiң қалыптасуын қамтамасыз ете 
алмайтындығы мысалға келтiрiлген.
Ал, үшiншi сабағында
 
информатиканы оқушыларға ерте бастан оқыту қажеттiгi 
идеясын ұсынған. Информатика курсының бiлiм беру мазмұны автордың тұжырымы 
бойынша салыстырмалы түрде келесi бөлiктерден тұрады: операциялық ойлау мәнерiн 
қалыптастыруға қажеттi iргелi бiлiм, iскерлiк және дағдылар жөнiнде түсiнiктер жиынтығы 
(1-4 сыныптар); информатиканың ой тұжырымдары мен әдiстерiн адам iс-әрекетiнiң өзге 
салаларында қолдануға қажеттi қолданбалы біліктіліктері мен дағды, жиынтығы (6-9 
сыныптар); информатиканың ғылым ретiнде бүгiнгi ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi алатын 
орнына сәйкес - негiзгi қағидалар жүйесi (10 - сынып); бүгiнгi және дамушы есептеуiш 
техниканың, есептеуiш программалар, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң 
мүмкiндiктерi бойынша жалпы бағдар ала алуды қамтамасыз ететiн қажеттi бiлiмдер 
жиынтығы (11 - сыныптар).
Сонымен қатар, Ю.А.Первин информатика пәнiн сабақ кестесiнде жеке пән ретiнде 
емес, өзге пәндермен сабақтастырылған курс ретiнде бастауыш сыныпта оқылатын 
пәндердi оқыту технологиясына сәйкес екендiгiн және оны арнайы дайындықтан өткен 
сынып жетекшiсi жүргiзуге болатындығы әбден мүмкiн екендiгiне назар аудартады.
Төртiншi сабағы
 
мектептегi ақпараттық бiлiм берудiң құрылымын ашуға арналған. 
Мұнда бiлiм берудi ақпараттандыруға қажеттi оқу бағдарламалары, қолданбалы 
программалар, программалық - әдiстемелiк жүйенiң құрылымы мен атқаратын қызметiнiң 
мазмұндық сипаттамалары берiлген. Информатиканы ерте жастан оқыту курсын жеке 
тұлғаның жан-жақты үйлесiмдi дамуының аса маңызды құралы ретiнде, осы курстың 
тақырыптарын келесi бағыттар бойынша ажыратып көрсетедi: ақпараттық (теориялық) 
бағыт; компьютерлiк (практикалық) бағыт; алгоритмдеу бағыты. 
Бастауыш мектептерге ұсынылған көптеген бағдарламалар мен әдiстемелiк құралдар 
оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыруға арналған. 
Аталып өткен тәжiрибелiк бағдарламалар құрылымы жағынан өзгеше болғанмен, жалпы 
олардың көздеген мақсаттары ортақ, яғни оқушыларда ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау 
мәдениеттiлiгiн қалыптастыру; оқушыларды дайын бағдарламалармен жұмыс жасай бiлуге 
үйрету; оқушыларда компьютер, алгоритм, ақпарат және информатика жөнiнде алғашқы 
түсiнiк қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет