«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің
жоғары шекті көлемі 1 сыныпта аптасына 0,5 сағат, жылына 17 сағат, ал 2 – 4 сыныптарда
аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат болып табылады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500
бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 тіркелген).
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін
оқытудағы негізгі талап -
компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге арналған
қажетті жабдықтардың тізімі: гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер
(микрофоны бар құлаққаптар); Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім
алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз
ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі; перифериялық құрылғылар: принтер, сканер,
көшіру
техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; робототехникаға арналған
жиынтықтар.
Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) Компьютер - аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету және
киберқауіпсіздік тақырыптарын қамтиды.
2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу: текст, графика,
презентация, мультимедиа.
3) Интернет желісінде жұмыс істеу – оқушыларды ақпаратты іздеуге және ақпарат
алмасуға үйрету мүмкіндігін береді.
4) Есептік ойлау - алгоритмдер мен программалау тақырыптары бойынша
оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға көмектеседі.
5) Робототехника - робот қозғалысы, датчиктер мен қозғалтқыштарды зерттеу арқылы
«Информатика» пәнін зерттеуде STEM элементтерін пайдалануды көрсетеді.
1-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің
базалық мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: