Байланысты: Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы
ы, і әріптерінің ем-лесі
болса, бұл жайында А.Байтұрсынұлының мына көзқарасы жазу
тарихы үшін маңызды: “Оны қалдырмастан жазамыз сөздің
аяғында. Ортасында я басында ашық естілетін орында ћәм
жазбасақ кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы:
жаны – жанына ”
дейді ғалым.
Ал түбір ішінде,
сөз басында
ы -
ны жазса да, жазбаса да солай оқитын орындарда, жазбағанда
оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажеті жоқ деп
та-бады. Мысалы:
қн (қын),
қр (қыр),
жлм (жылым),
жлтр (жыл-тыр),
мсқ (мысық), бірақ
мсығы, қры, жлымы, жлтры. Бұл қазақ әліпбиіндегі әріптердің атауы туралы айтқан
Н.Уәлиұлының мына пікірлерінде жалғасын тауып жатады:
“Қазақ дауыссызда-ры әдетте жалаң түрде дыбысталмайды..,
біздің аңғаруымызша, сол тоғыз түрленудің ішінен
фонетикалық жағдайға неғұрлым тәуелсізі
-бы» .
Қазақ тіліндегі әрбір дауыссыз дыбысты жеке дыбыстағанда
қасына
ы, і (
к, г – әріптерін атағанда) қосып айтамыз. Олай
бол-са, Қ.Жұбанов айтқандай, бұл дауысты дыбыстарды буын,
не та-сымал үшін жазамыз деген дұрыс емес, “әр ережеге өзінің
әдісін шығарып алуға болады”.
Бірақ ғалым
ы әрпінің бітеу буындардан қалмай жазылаты-
нын ескертеді:
қарт –
қарыт, арт – арыт, жұрт – жұрыт. “Бітеу буынға
ы жазсақ, бірдей естіледі деген болып шығады”.
Тегінде А.Байтұрсынұлы жазу нормаларын тиянақтағанда
халықтық тілге табан тіреп отырған: «Емле – жазу үшін шығарған
нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып
емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» деген.
Негізгі жол: айтылуы басқа сөздерді (мағынасы басқа бол-
сын, бір болсын) басқа жазу, айтылуы бірдей сөздерді (мағнасы
басқа болсын, бір болсын) бірдей жазу деп, ауызша тілмен жа-
зуды мейлінше жақындатуға тырысқан. Ендеше жоғарыдағы
сөздердің қазақ тілінің бұрынғы сөз сазында солай айтылуы
ғажап емес.