жөні бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден ас-там
зиялылары, К.Юдахин, Н.Ф.Яковлев, А.Н.Самойлович,
В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалым-
дары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы,
Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халық-
тарының тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі тарихи
оқиға болып саналады.
Съезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яков-
лев, Л.И. Жирков, Ғ.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлов,
Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тілдерінің ішінде латын
жазуына көшуді бірінші болып әзірбайжандар көтергені белгілі.
Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық
әзірбайжан – 13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл
татар халқымен салыстырғанда 25% төмен. Ал қалалық та-тар
халқы 4% еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байла-ныста,
діні күшті халық жаңа жазуды алмауға тырысады деді. Бұл
Е.Д.Поливановтың жазуын реформаламаған халық жаңа графикаға
әуес келеді,
оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тіл өзге
графиканы құп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты.
Н.Ф.Яковлев, Л.И.Жирков сынды ғалымдар араб жа-зуы
функциясының кемігендігін,
жаңа тілдерді жаулап алу
бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін
латын жазуының қолайлылығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз
тұрғысынан шешуі, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб
жа-зуын жақтаушы Ғ.Шараф Н.Ф.Яковлев пен Л.И.Жирков
латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс
алфавиті де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы
мақалаларын жариялап жүр дейді.
Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының
техникалық артықшылығы:
-
қолдың ыңғайы,
-
көздің көруі,
-
техникалық жағы,
-
бас әріптің қызметі, араб
жазуының кемшілігі:
-
реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы,
-
оңнан солға қарай жазылуы,
-
баспа қиындығы,
-
әріптердің танылмауы,
-
бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді.
Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсын-ұлына)
психологиялық шабуыл жиі жасалады (отырғандар күліп,
даурығып, кекетіп, тыңдамауға тырысады), латын графикасын
жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады.
А.Байтұрсынұлы төл жазудың
жетілмей қалғанына басқа
халықтың жауап беруі дұрыс емес, әр халық жазуының өз жолы
мен деңгейі бар дейді. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан
халықтардың латынға көшу себебіне күмәнмен қарайды.
Съезде А.Байтұрсынұлынан басқа сөз алған Ғ.Шараф,
Г.Х.Алпаровтар әзірбайжан жазуы латын графикасының
барлық таңбаларын пайдаланып отырған жоқ, бар-жоғы 47-
56% -ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын
жа-зуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болады дейді. Дегенмен,
да-уыс беру нәтижесінде 101
дауыс латын графикасына, 7
дауыс араб графикасына, 9 дауыс қалыс қала отырып, латын
жазуы қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: