Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет152/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

a, b, c, d, e, h, g, j,
і, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, y, z 
және
 

(Тілші, 17.09.27).
Мұндағы 
ћ
– <ғ>,
у
– -
фонемаларын таңбалады. Кейінгі
жоба (Лениншіл жас, 30.11.28) 
<ғ> – q, <ы>,<і> –
ъ
етіп берді.
Z – 
таңбасы сызықсыз жазылып,
 
дәйекше
 
^

 
деген таңбасымен
ауыстырылды.
1927 жылы (24.04) Мәскеуде өткен қазақстандық
студенттер-дің жалпы жиналысында жасаған баяндамасында
Н.Төреқұлов жазуды ауыстыруға әлі ерте, оған он жыл керек
дегенмен, ла-тын жазуына көшу басы ашық мәселе болғаннан
кейін, өзінің авторлығымен әліпби жобасын жасайды. Ол
Е.Д.Поливанов еңбегінде “Аслат’а” деп аталған.
Н.Төреқұловтың 
әліпбиінде
 
28
 
әріп,
 
бір дәйекше болды:
 а
<а>, е <е>, і <ы>, <і>, о <о>, <ө>, u <ұ>, <ү>, р <п>, в <б>, m
<м>, f <ф>, w <у>, t <т>, р <ғ>, d <д>, s <с>, z <з>, c <ш>, j
<ж>, n <н>, l <л>, r <р>, у <й>, k <к>, g <г>, q <қ>, х <х>, ћ
<ћ>, ŋ <ң>, ә <ә>, ‘
Әліпбиде 
<ф>, <х>, <ћ>, <қ>, <ғ>, <к>, <г>
дыбыстарының
әрпі бар. Ал
<ә>
фонемасы басқа жұп дауыстылардан бөлек,
латын графикасында жоқ таңбамен белгіленеді, яғни 1926ж.
құрылтай қаулысына сәйкес емес 
ә,
р, ŋ
таңбаларын жасайды
.
Н.Төреқұловтан кейін
Х.Досмұхамедұлы
латын графикасын
қолдамаса да, қызмет бабының ыңғайымен, саналы түрде жаңа
әліпбиге көшуді ұсынып, латын әлпбиінің жобасын құрады. Бірақ
науқан түрінде емес, қазір қолданып отырған әліпби мен емлені
жетілдіріп, жаңа графикаға біртіндеп өтуді ойластырады.
“Қолданбасақ та латын харіфтерін біз де тілімізге үйлестіріп көру
керек. Тез арада, әсіресе әкімшілік әдіспен көшіру мәдениет ісі
үшін залалды ћәм саяси тұрғыдан да байыпты емес” дейді.
Х.Досмұхамедұлы әліпбиінде 14 әріп латын алфавитіне
сәйкес алынады да, апостроф (’) пен дәйекше ауыстырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет