Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет89/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

о
 
ды-
бысынан
ы
дыбысына айныған:
ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы.
“Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алма-уына
көне түркілік
йағмұр
сөзінің қазақ тілінде
жаңбыр
болып
айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады” дейді ғалым.
Сондай-ақ
бұл жыл=>биыл,
іш+құр=>ышқыр,
тұғын=>тын,
барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын
болып қалыптануы
 
да тіл үндесімінің жетекшілігін дәлелдейтін
сияқты. Тіл тари-хынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке
ауысқан фактілерін кездестіреміз: 
ұт-ат,
ұда-атқа.
Үшіншіден,
әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда,
бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық
езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (
бы,
қы,
ыл,
ыр,
жы
) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан
езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш
дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек
фонемасы ретінде 
ы
-ны алады.
Төртіншіден,
қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады:
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б.
Проф. С.Мырзабеков бұл құбылысты “
а
-ның езулік күші
ы,
і
фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндік-
терден кейін айтыла береді”деп анықтайды.
Орақ,
құрақ,
ұзақ,
отан, ора 
сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының
айтылым құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін.
С.Мырзабеков
а
дыбысының АТ-да кейде [o] болып айтылатын
кезі де болатынын айтады:
ойбой,
ойхой.
Яғни ерін, езу дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден,
ерін дауыстыларының бірінші буыннан арт-
пайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға бо-
лады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет