жайында. Сол кісінің бастауымен бүгін бүкіл коллектив боп, коллектив
семьясымен боп, жаңа жылдың алғашқы күнін «Отырар» ресторанында
өткіздік.
Шерағаң кеш бойы төрде отырып, отырысты қыздырумен болды. Өзіне
көңілді болған аса жарасады екен. Алыс төрде отырса да кімнің қандай күйде
отырғанын да нақ сезеді екен. Кейбір қылымсып, бүге түскендерге: «Әй, неге
ішпейсің? Тартып таста» деп күлдіріп те қояды. Бірінші антрактта фоэге
шығып, бәріміз ән айттық. Мен «Әудемжерге» бастым.
Жұрт риза боп
қалды... Сосын екінші отырысқа шықпай жатып, залда әй кеп аңыраттақ
-
ау.
Біраздан соң Шерағаң мені жанына шақырып алып: «Ән айт» деді. Сосын
екеуіміз «Жеңешені» шырқадық. Енді бір уақытта өзі Қызырғалидің әйелімен
қосылып, «Ғалиябануды» шырқады. Қысқасы, сол кеште біз Шерағаңды тек
басшы емес, үлкен жүректі адам екенін де таныдық.
24 февраль 1982 жыл.
Әлкей Марғұланның үйінде болдым. Тұрған жерлері
–
Шевченко көшесі
мен 8 март көшесінің қиылысындағы бір тып
-
тыныш тұйық тұс екен. Үшінші
этажға көтеріліп, есіктің қоңырауын бастым. Үстіне сұрғылт халат киген,
дөңгелек жүзді, 30
-
35
-
тер шамасындағы бір әйел адам бөлмеге кіргізді.
Әлекеңнің Дәмелі деген қызы осы болар деп шамаладым. Мен онымен
телефонмен бірнеше сөйлескен едім. Сол уақытта оның қазақша да тәп
-
тәуіп
сөйлейтінін аңғарып қалғанмын. Киімімді
коридордың бұрышында тұрған
киім ілгішке ілдім де, Дәмелінің нұсқауымен залға кірдім. Осы сәтте есік
қоңырауы тағы да шылдыр ете түсті. Сосын іле
-
шала бөлмеге 45
-
50
-
лер
шамасындағы бір татар әйел кірді. Бұл Ғылым академиясында істейтін
машинист әйел болып шықты. Қолында қолжазба салған жуан папка. Дәмелі
залдың оң жағындағы, түкпірдегі есікке бас сұқты да: «Папа, саған адамдар
келіп тұр» деді. Көп күттірмей
-
ақ әлгі бөлмеден еңкеңдей басып Әлекеңнің
өзі де көрінді. Басында
–
жасыл мен ақшыл махер жіпті қоса тоқыған, жүні
бұрқыраған тоқыма малақай. Қалың линзалы көзілдірігінің
екі ұшынан жіп
байлап, сол малақайын бастыра желкесінен тартып тастапты. Кеудесіне
кигені
–
екі қатарлы қоңыр түйме таққан көнетоз тері желетке, қызыл
-
жасыл
аралас шақпақты шатланка көйлек. Бұтында
–
екі жағында лямка жапсырған
көкшіл трикотаж шалбар. Аяғында
–
замокты киіз бәтеңке. Машинист әйел
онымен қос қолдап амандасып: «Әлеке, жұмысыңызды бітіріп әкелдім» деді.
«Оның дұрыс болған екен» деп Әлекең папканы ақтарып көре бастады.
Сосын әйелге тағы бір папка қолжазба беріп тұрып: «Ақшасын қазір аласың
ба, әлде бәрін бітірген соң бірақ есептесеміз бе?» деді. Әйел жымиып:
«Бүгінге дейін басқанымды қазір алып кетейін, ақша керек болып тұр» деді.
Әлекең: «Қанша?» деді. Әйел: «52 сом» деп еді, Әлекең кабинетіне кіріп
кетті де сұраған ақшасын әкеліп берді. Әйел оны алып шығып кеткеннен
кейін, ол маған бұрылып: «Сен қандай жұмыспен келдің?» деді. Мен оған
шаруамды айттым. Осы тұста сәл шегініс жасай кетейін. Бұдан бір ай бұрын
жазушы Әнес Сараев бізге «Қобыланды батыр»
жыры және тарихи
деректер» деген 17 беттік мақала ұсынған. Мен ол мақаланы ұнатып, бірден
замредакторымызға (Ә.Жәмішев) бергем. Ол кісі көп шұқшиып оқып, біраз
жерін қысқартып, машинкаға қайта бастырған. Рас, сол уақытта мен ол кісіні:
«Осы
-
ақ көлеңкесінен қорқа береді екен» деп жаратпай қалғанмын. Мақала
машинкадан шыққан соң, редактор (Ш.Мұртазаев) оқып, тағы да көп күмән
келтірді де: «Бұны Әлкей Марғұланға оқытып алу керек» деп маған қайта
қайтарып беріп еді. Сол себепті кеше мен Әлекеңнің өзімен телефонмен
сөйлесіп, бүгін баруға өтініш жасағанмын. Міне,
енді сол жағдаймен келіп
тұрмын.
Әлекең «Қобыланды жыры» және тарихи деректерді» қолына алып, сәл
қарап отырды да:
–
Бұның авторы кім? Жас адам ба?
–
деді. Мен Әнес Сараев жөнінде
қысқаша айтып өттім. Сосын:
–
Ақсақал, бұл мақаланы өзім оқып берейін,
–
дедім, жұмысты
жеңілдеткім келіп.
–
Оқысаң оқы,
–
деді Әлекең қарлыққан қартаң дауыспен. Үнінен «Сол
не жазды дейсің» деген сыңайды да байқап қалдым.
Бірінші беттің аяғына тақағанда, ол:
–
Сонда бұл Мәлік Ғабдуллинің айтқанына қарсы ма?
–
деді қолжазбаға
шұқшия түсіп.
–
Қарсы. Кейінгі беттерде неге қарсы екенін дәлелдейді де,
–
деп
қойдым мен.
Екінші беттің жартысына жеткенімде:
–
Бұл өзі (Әнесті айтып отыр) тарихта екі Қобыланды болғанын біле ме
екен? Әншейін бос далбасалауға болмайды ғой. Бірінші Қобыланды ХІІ ғ.
өмір сүрген. Қобда бойындағы «Қобыланды бейіті»
дейтін бейіт соның
бейіті. Ал жырдағы батыр Қобыланды
–
Қара Қыпшақ Қобыланды ХҮ ғ
тіршілік еткен. Ол Әбілхайыр ханның батыры. Мынауың сонда қай
Қобыландыны шатастырып отыр?
–
деп Әлекең бір сәт наразылық білдіре
бастады.
Мен
мақаланы әрі оқи бердім.
Қобыланды жайындағы
О.Нұрмағамбетованың пікіріне жеткенімде, Әлекең:
–
Оразкүлдің бұл ойы дұрыс,
–
деп бас шұлғыды.
Қысқасы, бұдан кейін ол басқа ғалымдардың
ешқайсысының пікірін
қолдағысы келмеді.
–
Қарағым
-
ау, мынауың қият пен оғыз қыпшақтарды қатар қойғаны
несі? Оғыз бен қыпшақтың өзі сол қияттан тараған ғой. Ал қият дегеніміз
баяғы гүндер ғой. Ойға келгенді сөйлей беруге бола ма екен. Тарихқа ондай
жорамал жүрмейді. Тарихқа дәлел керек. Дәлелсіз тарих
–
тарих емес, ол
халықты алдау... Жә, ары оқышы,
–
деді сосын.
Әнестің айтуынша (дәлелдеуінше), қызылбастар
–
парсы емес, оғыздар
еді. Оған айтар дәлелі
–
оғыздардың
өңі сары болған, сақалдары қызғылт
келген. Сондықтан да қыпшақтар оларды «Қызылбас» деп атаған.
–
Оттапты,
–
деді осы тұста Әлекең күйініп.
–
Қызылбастардың парсы
екендігі баяғыда дәлелденген.
Әлекең сондай
-
ақ, бұл мақаладағы Ақжол (Дайырқожа), Майқы би,
Қотан жайындағы пікірлерге де қарсы болды.
–
Мына жазып отырған адам Шәкәрімді оқымаған,
–
деді бір мезет.
–
Ол қай Шәкәрім?
–
дедім мен.
–
Құдайбердіұлы,
–
деді ол маған тік қарап,
соны да білмейсің бе
дегендей.
–
«Қазақ хандарының тарихы» деген кітабы бар ол кісінің.
Кітапханада ол кітап бар. Соны оқымаған ғой. Оқуы керек еді.
Бір қызығы, Әлекең өзі қарсы болған тұстарды сызып таста деп отырды.
Мен қолжазбаны бүлдіргім келмей күмәнді тұстарға сұрақ белгісін қойып,
әрі жылжи берсем:
–
Әй, мен сызып таста деген жерді неге сызбай отырсың? Осы мақаланы
өзің жазған жоқсың ба өзі. Тіпті қолың бармайды,
–
дейді ол маған шұқшия
қарап.
Қысқасы, екі сағат Әлекеңнің алдында отырып, оның «Шоқан туралы
естеліктер» атты өз мақаласын алып, үйге қайттым.
Достарыңызбен бөлісу: