қалам ұстаған әр адам бұны оқып шығуы керек. Бір қызығы, жазушының көп
ойлары менің пікірлеріммен үндес, ұқсас келеді екен. Екіншіден, өз
бойымдағы кейбір ерекшеліктерді де алғаш рет осы повесті оқығанда
сезіндім.
Творчество адамына, оның ішінде талантты жазушыға тән
қасиеттер менің де бойымда бар екен. Бүгінге дейін өз басым көркем
прозаның
қарапайымдылығын, әуезділігін, ырғақтылығын жоғары
бағалаушы едім. Байқасам, шын таланттардың
көбі осы қағиданы ұстаған
екен. Демек менде талант болуы әбден мүмкін. Және қандай шығарма жазбас
бұрын өзім сол шығарманың табиғатына сай көңіл
-
күй іздейтінмін. Оны
тапқан, дұрысында сондай күйге түскен кезімде әлгі шығарманың ырғағы да
табыла кететін. Бұл жазушы үшін ең керекті қасиет сияқты. Менде қиналып
жазу бар. Осы қиналып жазудың өзі талғампаздықтан туса керек. Ал талғам
бар жерде талантты шығарманың тууы заңды. Тез жазам деп
мақтанатындардың шығармасының шыңға шығып кеткенін әлі көргем жоқ.
Ондай шығарманы тез жазсам, мен де жазатын секілдімін. Сөз жоқ, жазамын
да. Мәселен бір жақсы көретін ағам бірде: «бір күнде отыз бет аудардым» деп
келгені бар. Әрине,
мен оның аудармасын оқығам жоқ, бірақ керемет
болмасын сеземін. Өйткені оның бұрынғы дүниесінен тәуір ештеңе оқи
алмадым. Мүмкін бұл ағам ол шығармаларын да өстіп тез жазған шығар.
Француз әдебиетінде ең қиналып жазғандардың
бірі Гюстав Флобер,
орыстан Лев Толстой. Бірақ екеуі де ұлы жазушылар. Оларды ұлылық биігіне
көтерген де сол қиналып жазғандығында болар. Демек, қиналудан қашудың
керегі аз сияқты. Мен үш күннен бері үш
-
ақ бет аударма жасап, қазір ғана
біттім. Не ол көркем шығарма емес, не ол менің атымнан шығар дүние емес.
Әншейін М. Зверевтің аңшылық жайындағы мақаласы. Бірақ мен оны: «Бұл
мақала ғой.
Маған не абырой, не пайда бар?» деп, сүйкете салуға дәтім
жетпей
-
ақ қойды. Неге екенін білмеймін, өзімдікі болсын, басқанікі болсын,
бір сөйлем жазсам да әрлеп жазғым келеді де тұрады.
Жексенбі күні (25 окт) күні бойы отырып,
медицина ғылымының
докторы Естөре Оразақовтың мақаласын қайта жазып шықтым. Кеше өзі
оқып алып: «Жазғанымды тым шұнтитып жіберіпсің» деп ренжиді. Япырау,
сол оның «жазғаны ма» еді, менікі емес пе. Онікі тек фамилиясы емес пе. Ал
бүгін мақаласын екінші рет оқып болып, кетерде пайдаланған үш кітабымды
сұрағанда, мен бермедім. Ол: «Бала, өзің бір сараң екенсің» деп шығып жүре
берді. Мақаласын жазып бергенде, алған рахметім осы.
Жаңа Шерхан телевизордан сөйледі. Қазақ әдебиеті жөнінде айта келіп,
биыл шыққан материалдардың ішінен екі
-
ақ мақаланы атап өтті. Ол
менің
«Парақорларым» мен «Жалғыз бала» очеркім. Ар
–
ұят пен үлкен қиналыспен
жазған материалдарымның бұл да болса жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: