Іздеген дүниеңді, адамыңды интернеттен тауып алатын заманның



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата24.12.2023
өлшемі150,75 Kb.
#143164
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ Әдебиетіндегі күндер

10 ноябрь (жұма), 1989 жыл. 
 
Бүгін Шерхан ағамыз «Соц. Қазақстанға» редактор болып ауысты. 
Сөйтіп 9 жыл 40 күн істеген «Қазақ әдебиетімен» қош айтысты. Ол кісі бұл 
газетке 1980 жылдың 1 октябрінде келген еді. Ол уақытта газеттің тиражы 

45 мың болатын. Биыл 

100, келесі жылы 

125 мыңмен шықпақшы. Ол 
уақытта (1980) «Қазақ әдебиетінің» гонорары 

800 сом еді, қазір 

1600. 
Бұның бәрінде Шерағаңның табан ақы, маңдай тері, көзінің майы бар. 
Октавиан Август айтқандай «Риму нашел глиняным, оставил мраморным» 
дегені осы шығар. Қазақ тілінің мемлекеттік статус алуына да ол кісінің 
сіңірген еңбегін айтып жеткізу қиын. 
Осы 9 жылда бұрын екінің бірі біле бермейтін, есіл еңбегі ескерілмей 
жүрген, ғалымдығын ғалымдардың өзі жете бағалай алмаған семейлік ғұлама 
Қайым Мұқаметқановты халыққа жеткізген, Манашты (Қозыбаев) Манаш 
еткен, Құлмат Өмірәлиев, Мекемтас Мырзахметов сынды азаматтарды нағыз 
ғалым ретінде танытқан, Орхон
-
Енисей жазбаларынан бастап араб әрпін 
оқып, жазуды үйретуге дейін ұзақ із салған «Қазақ әдебиеті» болса, бұл 
газетті қолынан жетелеп отырған Шерхан ғой. 
Қ.Ә.
-
ге енді редактор кім болар екен? Оралхан қазір Шыңғыстайда. 
Шешесінің қырқын беруге кеткен. Меніңше, Шерағаңның орынын баса 
алатын, ол салып берген жолды кеңіте бермесе тарылта түспейтін жалғыз 
журналист Оралхан болуға тиіс. Оның алғырлығына ұшқырлығына, кез 
келген автормен тіл табыса білетін саясаткерлігіне редакцияда ғана емес
Жазушылар одағында тең келетін адам жоқ екеніне сенімім зор. Бірақ біздің 
Одақтың басшыларына жұмыс істей алатын, халықтың қамын ойлайтын адам 
не керек. Оларға 

«алаштың аты озғанша ауылдастың тайы озсын!». 
Өкінішке қарай, біздегі ұран сондай. 
 
24 қыркүйек, 1991 жыл

Түстен кейін редакцияға Нығмет Ғабдуллин келді. Ол кісі бізге «Ғабит 
аға туралы» деген отыз беттік естелік ұсынған еді. Соның бірінші данасын 
сұраған едім, бүгін әкеліпті. Көп әңгімелестік. Бәрі де Ғабаң туралы. 

Өте шыдамды адам, 

дейді Ныхаң. 

Бұл жөнінде 3 әңгіме айтып 
берейін... 50
-
жылдардың басында Ғабаң, Тәкең (Тайыр Жароков) және мен 
үшеуіміз Москваға пойызбен кетіп бара жаттық. Тәкең жолға шығар 
алдында: «Ғабиттің жанына орналаспа, өте көңілсіз болады» деген соң, мен 
Тәкеңнің купесінен орын алғам. Кешкілік вагон
-
ресторанда тамақ ішіп отыр 
едік, спортивный формамен Ғабаң да келді. «Кофе ішейін деп едім» деп ол 
ышқырынан 1 сом алып, бөлектеу үстелге барып отырды. Артынша сол 
үстелге бір мас орыс келіп қисайды да, Ғабаңды әй
-
шай жоқ боқтай бастады. 


Ұзақ боқтады. Мен шыдай алмай орнымнан тұра беріп едім, Тәкең отыра тұр 
дегендей тіземді басып қойды. Ғабаңды әлгі мас орыс әлі боқтап отыр. Ғабаң 
үнсіз. Орыс боқтай түседі. Ғабаң үндемейді. Ақыры кофесін ішіп болған соң, 
жұдырығын үшкірейте түйіп алып, әлгі орыстың кеудесінен ірей алдынан 
өтіп жүре берді. Бар қарсылық осы болды. Екінші рет бір жиналыс болып 
жатқанда (ол кезде Ғабаң Жазушылар одағының прецедателі) Төлеужан 
Ысмайлов кіріп келіп: «Әй, Ғабит, мен енді 1
-
2 айдан кейін өлем. Мына 
қағазыңды өзің ал» деп, пенсия тағайындау жөнінде қол қойып, жазып берген 
қатынас қағазын Ғабаңның бетіне лақтырып жіберді. Ғабаң үндеген жоқ. 
Қағазды ақырындап жыртты да, жанындағы урнаға тастай салды. Үшінші 
оқиға мынау: Ғабаң тағы бірде жиналыс жүргізіп отырғанда, Сафуан есікті 
ашты да: «Әй, Ғабит, сен қашан шығасың? Мен күтіп қалдым ғой» деді өктем 
үнмен. Ғабиден, Сәбит тағы басқа шалдар біртүрлі тіксініп қалды. Ғабит 
үндеген жоқ. Мен мұндай жүйкесі мықты адамды бұрын соңды көрмеген 
шығармын.
Нығмет аға бұдан басқа да біраз жайдың басын қайырды. Өзі көңілді 
отырды. Өйткені мен «естелігіне» өте жақсы пікір айтқанмын. Шындығында, 
естелік өте жақсы жазылған, тағылымды, қызықты дүние еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет