Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
көрсетуші мен халықтың арасындағы байланыстың ашықтығын қамтамасыз ету;
азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді
және оған қарсы тұруда оның
белсенді қатысуын қамтамасыз ету шараларын енгізу көзделуде. Біздің елімізде аталған
бағыттар бойынша айтарлықтай қадамдар жасалуда.
Есептілік, ашықтық және меритократияны енгізу мақсатында мемлекеттік қызметті
реформалау жөнінде шаралар қабылданды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі
тікелей байланысын біршама қысқартты. Бюджет қаражатын жымқыруды азайтатын
мемлекеттік сатып алуды автоматтандыру жүйесі де жетілдірілуде.
Барлық жерлерде ақ-
параттарға қолжетімділік қызметінің өрісі кеңейді, бұл өз кезегінде, электронды үкіметті,
сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру
жөніндегі іс-шараларға әсер етті.
Елбасының шешімімен ағымдағы жылдың тамызында Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа агенттік құрылды. Ол
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларымен өзара тығыз
байланысты мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіруді қамтамасыз етуге
бағытталған. Елбасының жаңа Агенттікке берген
нұсқауларын ескере отырып, жаңа
міндеттер белгіленді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу мәселелерін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдағы уақытта атқарылатын
жұмыстар онымен күресу тәсілдерін күшейтуге, одан әрі жүйелендіруге және жетілдіруге
негізделетін болады. Бұл ретте, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кеңінен
тарту міндеті айрықша басымдыққа ие болады. Ұлттық
ерекшеліктерді ескере және
халықаралық озық тәжірибені назарға ала отырып, «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»
жолындағы біздің кезекті қадамымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғаммен
әріптестік орнату болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мен анықтау нәтижелері бойынша
мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті ұсыныстар енгізіледі. Бұл
актілер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда ұсынылады. Басқаша айтқанда,
нақты
қандай да бір құқықбұзушылықтар орын алғанға дейін, осындай шаралардың болуы
мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бақылау
сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Билікті теріс пайдалану мен лауазымдық құқықбұзушылық фактілерін объективті
түрде ашып
көрсететін және жариялайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны,
оның іске асу барысын насихаттайтын, азаматтық моральдың жаңа нормаларын
қалыптастыратын БАҚ-пен ынтымақтастық орнатудың маңызы зор. Себебі атқарылып
жатқан барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында
кеңінен жария етілсе, бүкіл
халыққа көрсетілсе, бұл да бүкіл мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сабақ болмақ.
Құқықтық сананы тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
дағдыларын меңгеруге ерекше назар аударылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық