Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
ұйым. Олардың мақсаттарының бірі – билік органдарының айқындығына, есеп
берушіліктеріне қол жеткізу. Transparency International бөлімдері көптеген елдерде
құрылған, олардың барлығын ең алдымен қаржы саласындағы айқындықты
қалыптастыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы идеология біріктіреді. Бұл - ұзақ
уақыттан бері сыбайлас жемқорлықтың сан алуан салалардағы көріністерін зерттеп,
анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынатын көпшілікке танымал ұйым. 1993
жылы Transparency International әлемдегі жемқорлық деңгейін жүргізетін статистикаға
балама
ретінде
пайда
болды
десек
те
болады.
Біз өз шолуымызда аталған ұйымның мәліметтерімен қатар, Интернет-сайттарда
жарияланған ресми халықаралық статистикаға да сүйендік.
Ең алдымен «жемқорлық» сөзінің мағынасына тоқтала кетейік. БҰҰ-ның
халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық құжатында былай
делінген:
«Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін мемлекеттік билікті пайдалану». Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық бойынша
тәртіпаралық тобының жұмыс анықтамасында былай делінген: «Сыбайлас жемқорлық -
мемлекеттік немесе жеке секторлардағы белгілі бір міндеттерді орындау міндеттелген
тұлғалардың, жеке қызметкер, тәуелсіз агент, мемлекеттік лауазымдық тұлғаның,
жүктелген міндеттемелерді бұза отырып, жеке басы үшін және өзгелері үшін заңсыз пайда
көру мақсатында пара алуы немесе басқа да іс-әрекеттері». БҰҰ секретариаты әр түрлі
елдер тәжірибесі негізінде дайындаған Басшылық құралда сыбайлас жемқорлық сөзіне
былайша түсініктеме береді: 1)ұрлық, лауазымды тұлғалардың мемлекет меншігін иеленуі
және ұрлауы; 2) жеке пайдасы үшін ресми мәртебесін биресми қолдана отырып, қызметтік
жағдайын пайдалануы; 3) жеке бас пайдасы мен қоғамдық парызы мүдделері арасындағы
қақтығыс.
Ары қарай біз Сингапур, Малайзия, Қытай, АҚШ, Финляндия Ресей, Эстония
елдерін мысалға ала отырып, осы елдердің жемқорлықпен күресу тәжірибелеріне
тоқталамыз. Талдау жұмыстары үшін не себепті осы елдер тәжірибесі таңдалынып
алынды?
Сонымен, Transparency International ұйымының 2013 жылы жариялаған
мәліметтеріне сүйнесек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Азия
өңіріндегі ең төмен ел