Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет104/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Сингапур 
болып табылады екен. Transparency International 
ұйымының есебі бойынша сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі 10 балл деп 
есептелінсе, 9,2 баллдық жүйемен Сингапур елі 4-ші орында тұр. Бұл рейтингте 
Қазақстан 2,2 баллмен 145-ші орынды иеленгенін айта кеткен жөн. Дамыған Сингапур 
елінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі жетістікті тәжірибесі біз үшін құнды, себебі 
біздің де менталитетіміз «азиаттық», сонымен қатар бұл «цифрлық экономикасы» бар 
мемлекет тәжірибесі болып табылады. 
Қазақстан үшін, саясаттанушылар мен зерттеушілердің пікірінше, сыбайлас 
жемқорлықпен күресудің 
Малазиялық
тәжірибесі де ойға қонымды. Малайзияның 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған стратегиясы мен оның жоғары деңгейде іске 
асырылуы бұл тәжірибені оқып зерттеуге деген қызығушылығымызды арттыра түседі. 
Қазақстан мен Малайзия елдерінің шамамен бірдей халық саны, мемлекеттік аппарат 
саны, экономикасының көлемі сияқты ұқсастықтары Малайзия елінің тәжірибесі 
тұрғысынан әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасайтын мәселелерді 
қарастыруымызға мүмкіндік береді. Малайзия да Қазақстан сияқты көпұлтты әрі 
поликонфессионалдық 
мемлекет.
2013 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 
Агенттігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының құрылымдық 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің 
біліктілігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы 
халықаралық тәжірибе» атты курс ұйымдастырып, Малайзия еліне іссапарға жіберді. 
Қытай
елінің тәжірибесін әмірші, өктем режимдегі мемлекет тұрғысынан қарасақ, 
біраз бізді қызықтыратын мәліметтер аларымыз сөзсіз. Бұл елде жемқорларға қарсы өте 
қатал шаралар қолданылады. 1989 жылдың өзінде ғана сыбайлас жемқорлыққа қатысты 
құқықбұзушылық жасағаны үшін 30 адам өлім жазасына кесіліп, 30 мың адам әр түрлі 
мерзімге бас бостандығынан айырылған. 2013 жылы Қытай елі сыбайлас жемқорлықты 
қабылдау индексі бойынша 3,6 баллмен 180 елдің ішінде 72 орынға иеленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет