Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Билер соты жоғары адамгершілік соты ретінде судьяның параға сатып
алынбаушылығы, сот шешімдерінің адамгершілік бейімделуі және әділеттілік мәні
ретінде, соттың ашықтығы және әйгілігі, сот шешімін дәлелдеуде және негіздеуде
судьяның шешендігі, соттың екі жақты бірін-бірімен татуластыруға және құқық
бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толық толтыруға бағытталуы сияқты
қағидаларына негізделіп, құрылды. Билер сотының ең әйгілі ерекшеліктерінің бірі – оның
руханилығында: қарастырылған даулардың рухани мазмұны әрдайым басым болды, билер
ең алдымен қоғамда қалыптасқан адамгершілік нұсқауларды ұстануға тырысқан.
Сонымен, қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «дайын рецепт» жоқ.
Бірақ енгізілген және тәжірибеде қолданылып жатқан көптеген табысты мысалдар,
әдістер, «жаңалықтар» бар. Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және
жеке тұлғаға деген құрметін сақтай отырып, әрдайым басқа елдердің тәжірибесінен ең
жақсысын
таңдап
алатындығымен,
басқалардан
үйренуге
ұялмайтындығымен
ерекшеленеді. Мұның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәжірибесіне де
тікелей қатысы бар.
4.5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жаңа идеологиясы
Идеология (
гр. идса
– ой, пікір, идея + логос – сөз ) –
ілім
, қоғамдық сана.
Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін
қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол
«таптың, əлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық жəне діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама
берілген.
Көп партиялық қоғамда айқын анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан
мемлекеттік идеология жоғары тұрады.
Мемлекеттік идеология
– бүгінгі күнде үкіметті
қолында ұстап отырған партияның идеологиясы. Унитарлық мемлекетте жалғыз ресми
идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет
қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары,
ұрандары жұрттың барлығы бұлжытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп
орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін. Мысалы, нацистік
Германияда мемлекеттік идеология, біріншіден, халық бұқарасына бір талап қойса,
екіншіден,
элита
, ел басшыларына басқа міндет жүктейді. Ал И.В.Сталиннің диктатурасы
кезінде біздің елде мемлекеттік идеология қарапайым халық пен басшылардың барлығына
бірдей ортақ міндет жүктеді. Сонымен идеология адамдарды саяси және экономикалық
міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт таразысынан өткен тәсілі,
әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыру механизмі. Осы тұста бір-екі жанама мәселерге
назар аударған жөн. Оның бірі – түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі
коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос
кеңістік, қуыс (вакуум) пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида.
Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады.