4 АПТА ТАПСЫРМАСЫ Тақырыбы: «КӨНЕ ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ.ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ”
Көне түркі шешендігі. Орта ғасырлық түркі шешендігі «Түркі шешендік өнері» деген жалпы атаумен аталған дәрісте түркі тілдес халықтардың әдебиетінің кезеңделуі, тәңірлік дәуір әдебиеті және ислам дәуірі әдебиеті, Алып Ер Тоңға дастаны,тасқа жазылған дастандардағы шешендік үлгілері,Орхон-Енисей ескерткіштерінің және Оғыз қаған дастанының тілдік ерекшеліктері, Оғыз қаған дастанында кездесетін шешендік сөздер,ғұлама философ, ұлы ойшыл Қорқыт ата және оның «Қорқыт ата кітабы», «Дерсе хан ұлы Бұқашхан туралы жырдағы» шешендік сөздер, түркі халықтарының ислам дінін қабылдауы, Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларындағы шешендік сөздер, Мақмұд Қашқаридің «Диуану лұғат-ат-түрк» кітабындағы көркем сөздер,Шығыстың ұлы ғұламасы Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұни шешендігі талданады.
«Қазақ шешендігі» атты тақырыпта қазақ шешендігінің кейбір мәселелері, қазақ хандығының құрылуы, өркендеп, дамуы, шешендіктің ауызша және жазбаша түрлері,оның белгілі уақыт шеңберімен шектелмеуі, шешен сөздердің авторларын анықтау, түркі халықтарына ортақ шешен сөздер, Майқы би, Аяз би шешендігі, қазақтың данышпан үш биі, Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би шешендігі, данышпан Абайдың шешендік сөздері зерттеп-зерделеу нысаны болады.
Кез келген халықтың шығу тегі (этногенезi), әдетте, оның тiлiнiң (глоттогенез),және мәдениетiнiңшығу тегiмен (культурогенез), ұлттық түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты болады.Біздің тіліміздің дамуының бастапқы кезеңдері туралы айтатын болсақ, қола дәуiрiнде еліміздің территориясында мекендеген тайпалардыңқай тiлде сөйлегенi жөнiнде нақтымәліметтер жоқ. Ежелгі заманда Орта Азия аймағының халқы ирантілді болған, түрік тілі бұл жерлерге кейінірек келген деген пікірмен келісу қиын. Сақ қорғандарынан табылған жазулардың көне түркi руникалық әлiпбимен сабақтас екенін көне түркi жазуын зерттеушi ғалымдар айтып жүр.Оның үстіне, түркі тілінің Оңтүстiк-батыс Азиядағы б.з.д. 4-3 мыңжылдықта өмiрсүрген шумерлiктердiң тiлiмен де ұқсастықтары бар. Шумер тiлiнiң ескерткiштерiнде көне түркi тiлiне тән көптеген лексикалық сәйкестiктер бар екенін тілші ғалымдар анықтады.