Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет48/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1.Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу 
2.ҚР бюджет жүйесінің деңгейі және түрлерін атаңыз 
3.Салықтардың басқа да төлем түрлерінен айырмашылығы
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. Ағдарбеков Т., Әлайдар А. Құқық негіздері: оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті, 
2009. 
2. Найманбаева С.С. Финансовое право: Общая и особенная части: учебник.- 
Алматы: Данекер, 2004. 
3. Давыдова Л. Қазақстан Республикасының банк құқығы: оқу құралы.- Алматы: 
Жеті жарғы, 2006. 
4. Ермекбаева Б.Ж.. Салықтар және салық салу: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ 
университеті, 2003. 
5. «Қазақстан Республикасының Конституциясы». Конституция 1995 жылы 30 
тамызда республикалық референдумда қабылданды // Қазақстан Республикасы 
Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы № 4, 217-құжат. 
8 тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Дәрістің мақсаты: Жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары 
нормативтiк құқықтық актiлермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, 
ұжымдық шарттармен реттеледi. 
Жоспар: 
1.Еңбек қатынастарының реттелуі.
2.Ұжымдық шарт. Жеке еңбек шарты.
3.Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты.
4.Жалақы. Кепілдік және өтеу төлемдер.
5.Еңбек даулар, оларды шешу тәртібі. 
Кілтті сөздер: еңбек, еңбек даулары, демалысқп құқық, еңбек қабілеттілігі
Еңбек қатынастарының реттелуі. Қазақстан Республикасының еңбек туралы 
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Еңбек кодексі 
мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары 
Еңбек кодексі нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден 
тұрады. Еңбек кодексі азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына 
конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын 
реттейдi. 
Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi.
Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық 
шарттарда өзгеше көзделмесе, Еңбек кодексінің күшi Қазақстан Республикасының 
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын 
шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Әркiмнiң де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар. 
Жынысына, жасына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiк және қызмет жағдайына, тұрғылықты 
жерiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, азаматтықта, қоғамдық бiрлестiктерде болуына
сондай-ақ қызметкердiң iскерлiк қабiлетi мен оның еңбегiнiң нәтижелерiне байланысты 
болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкiмнiң де еңбек құқықтары шектелуге 
немесе оларды iске асыруда қандай да бiр артықшылықтар алуға тиіс емес. Еңбек 
саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар тиiстi арызымен сотқа 
жүгiне алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет