Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет45/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, 
олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес 
Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 
жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар 
енгізілді. 
Өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер 
де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған 
мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған 
ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де 
мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде 
дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. 
Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап 
беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал 
етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не 
пайда емес, керісінше тұтыну болды. 
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз 
берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі 
болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық 
жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді 
тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте 
халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы 
сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 
салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР 
Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін 
алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл 
заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент 
жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен 
басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында 
жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын 
салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы 
уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық 
төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай 
өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен 
қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары 
қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан 
экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті. 
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және 
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық 
жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен 
салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің 
дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, 
салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың 
көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің 
енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет