Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгiлi бiр еңбек
қызметімен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндігін
растайтын құжаттар берудi талап етуге;
3)
өз
өкілеттігі
шегінде
жұмыс
берушінің
актілерін
шығаруға.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер
өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады;
4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды Еңбек кодексінде және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген тәртіппен тәртіптiк және материалдық жауапкершілiкке
тартуға;
5) өзіне қызметкер келтiрген зиянды өтеттіруге;
6) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгілеуге;
7) өз құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында жұмыс берушiлер
бiрлестiктерiн құруға және оларға кiруге;
8) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқытып-
үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар.
Жұмыс берушінің міндеттері:
1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке
еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге және
ұжымдық шарт жасасуға;
3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттерін орындауы үшін
қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға,
қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
5) жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде,
жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де
төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеп тұруға;
6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға;
8) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен өміріне
зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
10) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы
мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге;
11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе,
оны тоқтата тұруға;
12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары
мен кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы ескертуге;
13) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу жөнінде
шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып,
профилактикалық жұмыстарды жүргізуге;
14) қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге;