Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет52/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне немесе оны орындау шартына 
байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына бір 
жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. 
Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз 
мерзiмге жасалған деп есептеледi. Қызметкерге өтемақылар мен кепілдіктерді беруден 
жалтару мақсатында жеке еңбек шартының белгілі бір мерзімге жасалған фактісі 
анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарымен 
белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
 
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемiнде екi дана етiлiп жасалады 
және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бiр данасы тараптар қол қойғаннан 
кейiн қызметкерге берiледi. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың басталу күнi 
қызметкердiң 
еңбек 
мiндеттерiн 
орындауының 
басталуы 
деп 
есептеледi.
Жеке еңбек шарты болмаған және (немесе) ол жұмыс берушiнiң тарапынан тиiстi түрде 
ресiмделмеген жағдайларда жеке еңбек шартының күшi жұмысқа нақты жiберiлген кезден 
басталады. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа 
қабылдау туралы бұйрық шығаруға мiндеттi, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар 
етiледi. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек қызметiн 
растайтын құжаттарды, жеке басының куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк жеке кодының 
берiлгенi туралы куәлiктi, он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгiн
бiлiмi немесе кәсiби даярлығы туралы құжатты, және заңдарда көзделген өзге де 
құжаттарды талап етуге құқылы.
 
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы (ол бар болған 
жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы 
бұйрықтардың үзіндісі немесе ұйымның басшысы (жұмыс беруші) куәландырған (қол 
қойған) не нотариатта куәландырылған қызметтік тізімі (қызметкердің жұмыс, еңбек 
қызметі туралы мәліметтер тізбесі) болып табылады. 
Жеке еңбек шарты мерзiмiнің бiтуi бойынша, тараптардың еркiне байланысты емес 
мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн. 
Жеке еңбек шарты: 
1) тараптардың келiсiмi бойынша; 
2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша; 
3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн. 
Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы 
мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын 
тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады. Жеке еңбек шарты 
тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында 
келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа 
ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек. 
Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi. 
Ұжымдық шарт.
Бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және бір 
немесе бiрнеше қызметкерлердiң өкiлдерi ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен 
келiссөздер жүргiзедi. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы 
ұсыныспен екiншi тараптан хабарлама алған тарап он күн мерзiм iшiнде оны қарауға және 
келiссөздерге кiрiсуге мiндeттi. Ұйымда бiрнеше кәсiптiк одақтар болған кезде олар 
келіссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшiн 
бiрыңғай өкілдi орган құра алады. Бұл ретте олардың әрқайсысына бірыңғай орган 
құрамында келіссөздер жүргізу жөнінде өздері аттарынан өкілдік етілетін кәсіптік одаққа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет