ауысады, екіншілік ұсақ лейшманиомаларға айналады. Регресс
жарадан қабыршақтанған қабықтарды
тазалағаннан кейін
басталады, қабынудың азаюы және жараның көлемінде
эпителизацияланған аймақтар пайда болады (тыртықтану
сатысы). Көптеген науқастарда тыртықтану жаңа эпителий пайда
болғаннан 1 айдан кейін, ал процесстің
өзі төбешік пайда
болғаннан тұрақты тыртық – 6-12 ай ішінде аяқталады, бірақ
кейде ол 2 жылға дейін созылуы мүмкін.
Антропонозды формасына
тері лейшманиозының сирек
клиникалық формасы жатады – люпоидты, немесе туберкулоидты
тері
лейшманиозы
(металейшманиоз).
Бұл
формасын
периферияда регресстен кейінгі түзілген лейшманиомалар,
тыртықта пайда болған төбешіктер түріндегі әдеттегі жегіден
(волчанкадан) ажырату өте қиын.
Төбешіктер тегіс,
тері деңгейінен сәл көтерілген, күңгірт түсті,
жұмсақ консистенциялы. Диаскопияда айқын қоңыр рең көрінеді
(«алма желесі» симптомы). Туберкулоидты лейшманиоз жиі бет
терісінде орналасады, балалық
және жасөспірім кезеңінде
байқалады. Лейшманиоздың бұл формасының дамуы созылмалы
инфекциялық
ошақтар,
салқындау,
жарақат
немесе
суперинфекция
әсерінен
иммунитеттің
әлсіреуімен
байланыстырады.
Антропонозды типтің атипиялық формасына
терілік-
кілегейлі және диффузды терілік лейшманиоз жатады. Бұл
формалары жай түзіледі. Жара кеш дамиды немесе болмайды.
Жазылу 1–3 жыл ішінде немесе одан ұзақ өтеді. Терілік-кілегейлі
лейшманиоздың біріншілік элементтері
жара пайда болғаннан
кейінгі төбешік түріндегі әдеттегі типіне ұқсайды. Процесстің
ауыз қуысына, мұрын және жұтқыншаққа метастатикалық
таралуы аурудың ерте сатысында байқалады, бірақ кейде бірнеше
жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Төбешіктердің эрозиялануы
және жара пайда болуы жұмсақ тіндердің, ауыз қуысы мен мұрын
жұтқыншақ шеміршектерінің бұзылуымен бірге жүреді. Сонымен
бірге
мұрын кілегей қабатының, еріннің қызыл жиегінің ісігі
дамиды. Жиі екіншілік инфекция қосылады. Процесс тіндердің
дефектісімен бірге жазылады.
Диффузды терілік лейшманиоз
бетінде және аяқ-қолдарының ашық аймақтарында көптеген
төбешіктердің элементтерінің таралуымен көрінеді. Бөртпелер
қосыла лепрадағы ошақтарға ұқсас келеді.
Кілегей қабатының
зақымдалуы және жарасы болмайды. Ауру бірден кетпейді және
емнен кейін рецидивке бейім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: