төбешіктер пайда болады, консистенциясы қамыр тәрізді (төбешік
сатысы).
Кейіннен төбешіктер ұлғаяды және 1–3 айдан кейін түбі
дұрыс емес және кілегейлі-іріңді экссудатпен,
дөңгелек немесе
дұрыс емес пішінді жаралар ашылады, тығыз қабыршақтанған
қабықтар түседі (изъявления сатысы).
Жара жиектері желімденген
тәрізді. Айналасында қызғылт-көкшіл түсті
қамыр тәрізді
инфильтрат түзіледі, оның астынан қабынған лимфатикалық
тамырлар және айқын екіншілік лейшманиомалар сезіледі.
Балаларда
ағымы жедел фурункул тәрізді, флюктуирленген
пустулезді ошақтың түзілуімен, жедел іріңжеген және өліеттенген
болады. Жиі ересектерде және балаларда үрдіс іріңді
инфекциямен бірге флегмонамен, рожалық қабынумен асқынады.
Қабыну процессі 3–8 айдан кейін тыртық және бұл қоздырғышқа
тұрақты иммунитет түзілумен аяқталады (тыртықтану сатысы).
Қалалық (антропонозды)
типі
қалаларда және ірі елді
мекендерде кездеседі. Инкубациялық кезеңі ұзақтау (орташа 5–8
ай, кейде 1–2 жыл), ағымы жай өтеді (осыдан «жылдық» атауы
келіп шығады). Ауру науқас адамнан немесе тасымалдаушыдан
москит арқылы беріледі.
Терінің
ашық аймақтарында үлкен емес
қызғылт немесе қызыл-күңгірт
түсті сарғыш реңмен төбешіктер
пайда болады (төбешік сатысы).
Элементтері дөңгелек пішінді,
консистенциясы қамыр тәрізді
(42-
сурет)
. Инфильтрат айқын емес,
4–7
айдан
кеш
ыдырайды.
Жаралары беткей, жиектері тегіс
емес
«валик»
тәрізді,
түбі
түйіршектелген,
сұрғылт-сары
серозды-іріңді
бөлініспен
жабылған (жара пайда сатысы).
Жараның айналасы әдетте
қабынған инфильтраттан жиек
түзіледі. Зоонозды формасындағыдай, периферияда түйінді
лимфангиттер («таспиық») түзілуі мүмкін. Олар кейде жараға
Достарыңызбен бөлісу: