Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет119/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

5-
КЕСТЕ
.
Н
АУҚАСТАРДЫҢ ЖАСЫН ЕСКЕРГЕН ЕМНІҢ МАКСИМАЛЬДЫ 
ҰЗАҚТЫҒЫ 
(
АЙМЕН ЕСЕПТЕЛГЕН

Зақымдалған тырнақтар 
15-25 жас 
26-60 жас 
61-80 жас 
II-V (қолдары) 



I (қолдары), II-V (аяқтары) 

10 
12 
I (аяқтары) 
12 
15 
18 
Сонымен қатар, жүелі ем аяқталғаннан кейін жергілікті ем 
қолдану онихомикоздың қайталануының алдын алады.
Жиі қолданылатын комбинация жүйелі антимикотикті 
құралжабдықтық педикюр пайдаланумен қосарлау және одан әрі 
циклопирокс (батрафен), аморолфин (лоцерил) лактары немесе 
экзодерилдің 1% ертіндісі қолданылады.
Кеңес беру. 
Науқасқа аяқ киімін күніне 10 ретке дейін жиі 
келесі препараттармен (борозин ұнтақ-пудра, 10% формалин 
ертіндісі, биглюконаттың хлоргексидин 0,5% ертіндісі, миконазол 
спрей-пудрасы (дактарин)) тазалау керектігін түсіндіру. Бассейн 
немесе моншаға шомылғаннан кейін клотримазол 1% ертінідісін


немесе ұнтағын пайдалану керек (ертіндімен аяқ басының 
бармақтарының арасын және табанын сүртеді, ұнтақты осы 
аймақтарға себеді).
 
Қ
ЫЗЫЛ ТРИХОФИТОННАН ПАЙДА БОЛАТЫН ТЕРІ МИКОЗЫ 
(
РУБРОФИТИЯ

Бұл өте жиі кездесетін саңырауқұлақтық инфекция. Тегіс 
терінің руброфитиясы, бет терісін қоса, терінің барлық аймағында 
орналасуы мүмкін. Шап-сан қыртыстары, құйрықтар, балтырлар 
жиі зақымдалады. Қоздырғышы – 
Trichophyton 
rubrum
саңырауқұлағы.
Көбіне науқастарда жайылған рубромикоз аяқ басының 
терісінің 
(кей 
жағдайда 
башпайлардың) 
және 
тырнақ 
пластинкаларының да шектелген зақымдалуында дамиды. 
Процесстің жайылуына, иммундық тапшылықпен дамитын 
(АИТ-инфекциясымен 
бірге), 
қант 
диабеті, 
иммунодепресанттарды, кортикостероидты қабылдау және басқа
ішкі ағзалардың патологиясы, қан айналысының бұзылысы, 
терінің трофикалық өзгерісі, ұзақ уақыт антибиотиктер, 
стероидты және цитостатиктер қолдану бейімдейді. Бұл жағдайда 
процесстің лимфогенді-гематогенді жайылуы лимфа түйіндерінде 
саңырауқұлақтың элементтерінің жиналуын жоққа шығармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет