Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет129/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

54-сурет. Бастың шашты 
бөлігінің созылмалы 
трихофитиясы


Сондықтан бала ауырған әрбір жағдайда анасын, әжесін, 
көршілерін созылмалы трихофитияны жоққа шығару үшін 
тексеруден өткізу қажет (негізінен бастың шашты бөлігін). 
Тегіс терінің созылмалы трихофитиясы клиникалық көрінісі, 
орналасуы және ағымы бойынша беткей трихофитиядан 
айтарлықтай өзгеше келеді. Ошақтары балтыр терісінде, жамбас, 
тізе буындар аймағында, иықта және сирек бет пен денеде 
орналасады. Ошақтардың айқын шекарасы болмайды, біртіндеп 
сау теріге ауысады, іркілген-күңгірт түсті, әртүрлі аймақтары 
қабыршақтармен жабылғанына орай, ошақтары созылмалы 
экземаға ұқсас келеді. Созылмалы трихофитияның ұзақ және 
солғын ағымы организмнің төмен иммунды реактивтілігінен 
болуы мүмкін. Ошақтарда шаштың түбтерінің зақымдалуы 
байқалады, сонымен қатар бастың шашты бөлігімен тырнақтар 
қатар (диссеминирленген процесс) зақымдалады. Субъективті 
бұзылыстар болмайды, немесе жеңіл қышумен көрінеді. 
Созылмалы трихофитияда алақан және табан терісінде 
гиперкератоз 
фонында 
жиі 
тырнақ 
пластинкаларының 
зақымдалуымен бірге құрғақ дисгидроз деп аталатын типті 
пластинкалы 
қабыршақтану 
және 
айқын 
емес 
қабыну 
көріністерімен байқалады. 
Созылмалы трихофитиямен ауыратын аурулардың 1/3 
бөлігінде тырнақтары зақымдалады. Тырнақ пластинкалары 
қалыңдайды, лас-сұрғылт, бұдырлы болып келеді, жеңіл сынады, 
тырнақтың бос жиегі тырнақ ұясынан кейін қалады. 
Инфильтративті-іріңді 
трихофития 
(зооантропофильді 
трихофития) 
T.gypseum 
және
T.verrucosum
зоофильді трихофитондармен 
шақырылады. Жасырын кезеңі 1-2 айға созылады. 
Көптеген елдерде инфильтративті-іріңді трихофитиямен 
аурушаңдылықтың өсуі байқалады. Бұл трихофитияның 
эпидемиологиясында жануарлардан басқа, жәндіктерде белгілі бір 
роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет