Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет131/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Ф
АВУС
(
ТАЗ

Этиологиясы.
Ауру шаш ішінде булавовидті споралар, тіке 
линиялармен орналасатын антропофильді саңырауқұлақтар 
Trichophyton Schonleinii
шақырылады. Жасырын кезең нақты 
анықталмаған. Әртүрлі қаламгерлердің мәліметтерінде, ол 2–3 
аптадан 6–12 айға дейін созылады.
Жұқтыру науқаспен тіке қатынаста немесе инфицияланған 
құралдар арқылы жүреді. Микроспорияға қарағанда – аурудың 
контагиоздылығы ерекше – фавусты жұқтыру үшін ұзақ қатынас 
қажет. Қоздырғыш тегіс теріні, бастың шашты бөлігін, тырнақтар 
мен ішкі мүшелерді зақымдайды. 


Патогенез.
Фавус саңырауқұлақтарының макроорганизмге 
енгенде 
адамдардың 
жалпы 
жағдайы, 
оның 
иммунды 
реактивтілігі маңызды. Созылмалы астенизирленген аурулары бар 
(қант диабеті, гипотрофия, колиттер, ойықжара ауруы, созылмалы 
гипатохолецистит және т.б.) адамдар ауырады. Инфициялануға 
тұрмыстық 
жағдайда 
гигиенаның, 
санитарлық-гигиеналық 
ережелерді сақталмауы алып келеді. 
Клиникалық көрінісі.
Аурудың клиникалық көріністеріне 
байланысты типтік (скутулярлы), атиптік (сквамозды) және 
импетигинозды түрлерге бөлінеді.
Аурудың 
скутулярлы формасында
негізгі элемент болып 
эпидермисте саңырауқұлақтың таза культурасы болып келетін 
скутула (фавозды қалқанша) болып табылады. Бастың шашты 
бөлігінің зақымдалуы қабыршақтармен бірге фавозды қалқанша 
орналасатын орталық батыс (батып тұрған жер) бар сарғыш-сұр 
дөңгелек 
түзіліс 
скутулалар 
эритематозды-инфильтративті 
ошақтармен көрінеді. 
Tr. 
Schonleinii
саңырауқұлақтармен 
зақымдалған шаштар көмескі, атрофияланған, өмірсіз, сынғыш, 
ескі париктердің (жасанды шаш) шаштарына ұқсас. Скутулярлы 
формасында аурудан скутулдарда микроорганизмдердің болуына 
байланысты спецификалық «қамба», немесе «тышқан» иісі 
шығады. Ажыратылған скутулдардың орнында әрқашан 
атрофияланған тыртық қалады. Тегіс теріде типтік скутулярлы 
элементтер топ болып орналасады. Жазылғаннан кейін 
атрофияланған тыртық қалады. Тегіс терімен бірге түк шаштар 
зақымдалады. 
Сквамозды (питириоидты) формасы
себореялы экземаға 
ұқсас дақты бөртпеленумен өтеді. Бастың шашты бөлігінде 
орналасса, шаштардың сыртқы көрінісі скутулярлы формасына 
ұқсас келеді, бірақ себореялық дақтардың орнына инфекция 
жойылғаннан кейін, атрофиялық тыртық қалады. Процесске түкті 
шаштар қосылып, тегіс теріде зақымдалса, осындай белгілер
байқалады.
Импетигинозды формасы
скутулдардың орнына вульгарлы 
импетигоға 
ұқсас 
пустулалар 
түзілумен 
ерекшеленеді. 
Пустулалар беткей орналасқан жағдайдың өзінде атрофиялық 


тыртық қалады. Тегіс терінің зақымдалуы оқшауланған түрде 
болмауы мүмкін, болса да – санитарлық гигиеналық жағдайлары 
нашар, ауыр созылмалы аурулары бар адамдарда кездеседі. 
Тырнақ фавусы жиі саусақтарды, сирек ауырудың жайылған 
түрінде ғана аяқ басы тырнақтарын зақымдайды. Скутулалар 
тырнақ 
пластинкасының 
ішінде 
түзіледі, 
сондықтан 
зақымдалудың ерте симптомдары біртіндеп деформациялануы, 
тырнақ түсінің өзгеруі және тырнақастылық гиперкератоздың 
пайда болуы болып табылады.
Висцеральды 
фавозды 
зақымдалулар 
қоздырғыштың 
гематогенді метастаз беру нәтижесінен кез келген жаста болуы 
мүмкін. Фавозды пневмониялар, менингиттер, асқазан-ішек 
жолының, сүйек жүйесінің зақымдалулары туралы жазылған. 
Фавустың жедел прогрессивті ағымында морфологиялық өте 
әртүрлі екіншілік аллергиялық бөртпелер (фавидтер) пайда болуы 
мүмкін. Олар псориаз формалы, уртикарлы, эритематозды-
сквамозды, лихеноидты және везикулопустулезді болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет