Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет137/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы
.
Кандидозды 
зақымдалған 
ошақтар 
материалында ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың анықталуына 
сүйеніп диагноз қойылады. 


Емі.
Кандидоздың барлық түрлерінде бірінші ауруға алып 
келетін факторларды жою қажет. Ем кешенді, жүйеге және 
сыртқа әсер ететін саңырауқұлаққа қарсы препараттар, сонымен 
қатар санитарлы-гигиеналық шаралар қосылады. Тегіс тері мен 
қыртыстар зақымдалғанда кандидозға қарсы препараттармен 
жалпы ем жүргізеді.
Жүйеге әсер ететін антимикотиктардан ең тиімдісі (және 
токсикалық әсері ең жоғары) болып амфотерицин қала береді. 
Емді көктамырға амфотерицинді 100 Ед/кг дозада 5% глюкозаның 
ерітіндісімен бастайды, сосын дозаны 250 Ед/кг дейін, жақсы 
төзімділік болса – одан да жоғары, 1000 Ед/кг көбейтеді. 
Дифлюкан (флюконазол) ересектерге 1-ші күні 400 
мг/тәулігіне және содан кейінгі күндері 200 мг, балаларға – 3-6 
мг (кг/тәулігіне) тағайындайды.
Итроконазол ересектерге 100 – 200 мг күнде тамақ ішу кезінде 
беріледі. 
Пимафуцин – макролид тобындағы полиендік антибиотик. 
Таблетка түрінде 100 мг күніне 4 рет (10 күннен бірнеше айға 
дейін) қолданылады. 
Анкотил (флуцитозин) тәуліктік дозада ішке және көктамырға 
37,5 – 50 мг/кг 6 сағат сайын, тәуліктік дозасы 150–200мг/кг 
құрайды. 
Нистатин немесе леворинді ішке, науқастың жасына 
байланысты: 1 жасқа дейін – 1–2 млн бірлік, 1–3 жасқа дейін 
күніне – 2–4 млн бірлік, 4–6 жасқа дейін – 5 млн бірлік, 7 жас 
және одан ересектерге – 6–10 млн бірлік 4 апта аралығында 
тағайындалады. Леворинді токсикалық әсеріне байланысты 3 
жасқа дейінгі балаларға шама келсе тағайындамау қажет. 
Низорал сонымен қатар жасына және дене салмағы 
байланысты: 2 жасқа дейінгі балаларға дене салмағы 20 кг дейін – 
25–30 кг/тәулігіне бір рет, 6 жасқа дейінгі 20–30 кг салмаққа дейін 
– 50 мг/тәулігіне және 6 жастан кейін дене салмағы 30–40 кг – 100 
мг/тәулігіне тағайындалады. 
Жергілікті емінде азолдық қосындылар туындыларын – 
кремдер және жақпамай түрінде клотримазол, кетоконазол, 
миконазол, изоконазол және т.б. ұсынылады. Сыртқы емінде 


препараттарға сонымен қатар глициринде натрий тетраборат 5–
10% немесе 20% ерітіндісін, Люголя ерітіндісінде араласқан, 
гаухар (бриллиант) сияқты көк немесе метилиндік көк (спиртті 
ерітінділер) 
тиімді 
болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар
жақпамайлар 
қолданылады: 
0,5–2% 
декаминді, 
0,05–1% 
нитрофуринді, нистатинді немесе леворинді (1г-да 50000 Ед 
антибиотик болады). Жедел қабыну көріністерінде базданумен 
бірге эрозивті бөртпеленулерде ашытқыға қарсы препараттарды 
қолдану алдында 1% танин ерітіндісі, 0,25–0,5% күміс нитрат 
ерітіндісі, 2–3% натрий тетраборат немесе гидрокарбонат 
ерітіндісімен, келесі фукорцин, 1–2% анилинді бояғыш спиртті 
ерітіндімен ылғалдағыштар (примочкалар) тағайындалады, 
Ариевич бойынша жазылған нистатин немесе леворин бірге 
араласқан түзінді қолданылады. 
Баздануда ошақтарға Лассар пастасын жартылай леворинмен, 
микогептинмен 
немесе 
басқа 
да 
ашытқыға 
қарсы
жақпамайлармен жағуға болады. 
Ауыз 
қуысының 
кілегей 
қабатының 
зақымдалуында 
ересектерге 20%, балаларға 10% натрий тетраборат ерітіндісін, 1–
2% анилин бояғыштары сулы және спиртті ерітінділерін 
тағайындайды. Леворинді құрамында 250000–500000 Ед 
антибиотигі бар соруға таблетка түрінде қолдануға болады. 
Кандидамикотикалық вульвовагиниттер жиі рецидивке бейім 
болғандықтан емінде қиындық, әсіресе бейімділік факторларында 
(қант диабеті, жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларында, 
жыныс бездерінің гипофункциясында) алып келеді. 
Кандидоздың қандайда бір түрінде тиімді ем үшін маңызды 
жағдай болып дұрыс гигиеналық режим, құрамында жеміс, 
жидектер, сүт өнімдері, В тобындағы витаминдер, аевит, 
аскорбин қышқылы, микроэлементтер, фосфор, темір, кальций 
жеткілікті тиімді тамақтану болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет